Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ғылымның кілті – көп тіл білуде

Ғылымның кілті – көп тіл білуде


Ауыл мен қала баласының арасын алшақтатып тұрар басты компонент – тіл десек жаңылмаймыз.


Елімізде екінші ресми тіл ретінде саналатын орыс тіліне шорқақтық балаларымыздың білім бәсекесін­де өз қатарынан кенжелеп қалуына соқтырып, етек­тен кері қарай тартып жатса өкініші аз болмасы белгілі. Осы орайда ауыл балаларының қос тілді қос қанатындай қатар қолданып, жетік меңгеруіне айрықша көңіл бөлу – өмірдің өзі тудырып отырған заңдылық.
Жақында Түгіскен ауылындағы Әнуар Әбутәлі­пов атындағы №209 орта мектебінде өткен «Орыс тілі, әдебиеті пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері: түйткілдерді ұжымдық талдау мен тарқа­ту» тақырыбындағы семинарда осы мәселелер­дің өзектілігі талқыланды. Семинардың мақсаты – ұстаздың кәсіби компетенциясын арттыру, орыс тілі және әдебиеті пәнін оқытуда инновациялық қадамдарды қолдануға баулу. Аудандағы барлық мектептердің орыс тілі, әдебиеті мұғалімдерінің басын қосқан жиынды мектеп директоры Лаура Үсенбекова ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар жұмысында байқағанымыз, мектептің орыс тілі пәнінің оқытушысы Ильяс Уменовтың ерекше ізденімпаздығы. Осы салада 35 жылдан астам еңбек өтілі бар азамат шәкірттеріне орыстың тілін ғана емес, табиғатын да, салт-дәстүр, болмы­сын да терең ұқтыруға талаптанып келеді екен. Өзі барып-қайтқан сапарлардан орыс халқының ежелден ұстап-тұтынып келе жатқан бұйымдарын ауырсынбай арқалап әкеліп, оқушыларына көрсетіп отыруды міндет санауының өзінен оның төл пәнін оқытудағы адалдығын аңғарғандай болдық. Ол бұдан бұрын орыс тілінен өткен аудандық байқауда бас жүлдені қанжығаласа, облыстық байқауда үшінші орынды иеленуімен әріптестерінен алға шыққан болатын. Шәкірттері орыс тілінен үздік баға алып, әр жылда грант иегерлері болып жүр.
Осы күні мектептегі орыс тілі пәнінің бірлестік жетекшісі Айнұр Бекованың ұйымдастыруымен жа­сақ­талған құжаттар көрмесін тамашалап, қажетіміз­ді алдық. №163 орта мектеп мұғалімі Меруерт Абусейітова сабақ өтсе, А.Әділов атындағы №86 орта мектеп мұғалімі Сұлушаш Сұлтаншаева «Сабақ процесінде ЖИ-ді қолдану» тақырыбында, №125 орта мектебінің мұғалімі Ғалия Бегентаева, №221 жалпы орта мектебі орыс тілі пәні мұғалімі Зура Жұманқызы «Критериялық бағалау» тақырыбында іс-тәжірибелерін бөлісті. Ауыл мектебі мұғалімдері – Гүлсара Дауылбайқызы, Әмина Мадиярова, Эльмира Тәукебай семинардың тартымды өтуіне үлес қосты.
Оқушылардың орыс тілін меңгеру деңгейі жоғары. Сабаққа белсенді қатысуымен тәнті етті.
Менің осы салада он жылдан астам тәжірибем бар. Сарапшы ұстазбын. Қай кезде болсын өз ұстаздарым – Тұрсынай Үсенова мен Нұргүл Әшірованың еңбе­гіне басымды иемін. Шәкірттерім 6-сынып оқушысы Жадыра Оразалы ғылыми жоба сайысында екінші орын алып, еңбегімізді ақтады.
Әріптестеріммен бірге семинардан жан-жақты тәжірибе түйіп оралдым.

Баян Камалқызы,
№208 орта мектебінің орыс тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі
04 желтоқсан 2025 ж. 226 0