Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Солтүстіктегі көршіміз геосаяси тұрғыдан күрделі ел. Бірақ осындай көршімен татулықта болу ұтымды шешім. Тек бұл қатынас тең әріптестік пен өзара құрметке негізделуі тиіс.

Солтүстіктегі көршіміз геосаяси тұрғыдан күрделі ел. Бірақ осындай көршімен татулықта болу ұтымды шешім. Тек бұл қатынас тең әріптестік пен өзара құрметке негізделуі тиіс.



Осы ұстаным аясында Тоқаев пен Путиннің кездесуі өтті. Кездесудің нәтижесінде екі ел арасындағы байланысты жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру жөніндегі декларацияға қол қойылды.
Тараптар бірнеше маңызды бағыт бойынша уағдаластыққа келді. Ең алдымен, көлік-транзит саласы ерекше назарға алынды. «Солтүстік – Оңтүстік», Транскаспий дәлізі, «Аягөз – Бақты» және «Достық – Мойынты» теміржол жобалары арқылы жүк тасымалының жаңа мүмкіндіктері ашылады.
Энергетика саласында «Росатом» компаниясымен алғашқы атом электр станциясын салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сондай-ақ мұнай, көмір және электр энергиясын өндіру мен жеткізуде ынтымақтастық нығая түседі.
Мәдени және гуманитарлық байланыстар да дамып келеді. Астанада «Мәңгілік достық аллеясы», Мәскеуде «Қазақстан–Ресей достығы сквері» ашылды. Енді Ресей астанасында Қазақ мәдени орталығын ашу жоспарланып отыр. Өнер адамдары өзара гастрольдер өткізіп, шығармашылық байланыс орнатуда.
Білім саласында да ықпалдастық арта түсуде. Қазақстанда Ресейдің 9 жоғары оқу орнының филиалдары жұмыс істейді, ал биыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Омбыдағы филиалы ашылды. Енді елімізде Ресейдің медициналық университетінің өкілдігін ашу мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұдан бөлек, ғарышты игеру, IT және креативті индустрия салаларында жаңа жобалар іске аспақ.
Жалпы, бұл кездесу екі ел арасындағы қатынасты жаңа деңгейге көтерген маңызды қадам болды.
13 қараша 2025 ж. 153 0