Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салатын болды

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салатын болды

Фото: gov.kz
Қазақстанда салынатын атом электр станциясын тұрғызуға қатысты үздік ұсыныс ретінде Ресейдің «Росатом» компаниясы таңдалды. Бұл шешімді Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған, деп хабарлайды sadaq.kz.
“Жүргізілген талдау нәтижелері Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия Қазақстанда АЭС салу бойынша ең тиімді және оңтайлы ұсыныс ретінде «Росатом» компаниясын таңдады. Одан кейінгі орында – Қытайдың CNNC компаниясы. Францияның EDF және Кореяның KHNP компаниялары үшінші орынды бөлісті”, – делінген ресми хабарламада.
Агенттік шетелдік серіктестермен бірлесіп, тиімді халықаралық консорциум құру бағытындағы жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, биыл ақпанда елімізде алғашқы АЭС салынатын орын анықталған болатын. Алайда жобаны жүзеге асыратын нақты жеткізуші немесе консорциум жөнінде түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Энергетика министрлігі бұл мәселе жыл соңына дейін шешілетінін хабарлаған еді.

АЭС құрылысына үміткерлер қатарында Ресейден бөлек, Франция, Қытай және Оңтүстік Корея компаниялары да бар.
16 маусым 2025 ж. 179 0