Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда ажырасу саны азаюда

Қазақстанда ажырасу саны азаюда



Қоғамда моральдық және отбасы құндылықтарын нығайту – Мәдениет және ақпарат министрлігінің басым бағыттарының бірі.
2020 жылы елімізде «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Есепте ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты деректер мен талдаулар қамтылды.


2023 жылы осал санаттағы отбасыларды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжатта көпбалалы және табысы төмен отбасыларға арналған нақты әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ ана мен бала құқығын қорғау тетіктері қарастырылған.

Ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында қабылданған заңнамалық өзгерістер. Осы заң аясында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке жатқызылып, балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түріне қатаң жаза енгізілді.

Аталған заңнамаларды жетілдіру шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді.
Осы мақсатта бұрын қызмет етіп келген Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта құрылып, олардың қызметі бірыңғай модель бойынша жүйелендірілді. Нәтижесінде мұндай орталықтардың саны ел бойынша төрт есе, 33-тен 131-ге дейін артты.
22 қазан 2025 ж. 823 0