Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел қайтыс болған

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел қайтыс болған



Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова мәлімдеді.
"2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды", - дейді депутат.Оның сөзінше, сенат депутаттары үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі.
"Заң жобасы мыналарды қамтиды: зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де); оларды жария айыптаудың қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызу; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау", - дейді Жанна Асанова.
21 қаңтар 2024 ж. 533 0