№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасын ойрандамай ойлана жүр

Отбасын ойрандамай ойлана жүр


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Заңға қол қойды. Маусым айының 25-нде қолданысқа енгелі тұрған заңнамада қандай жаңашылдық бар? Отбасы тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігі мен баланың құқығы қалай қорғалмақ? Еліміздегі елеулі бастама төңірегіндегі мәселелерді талқыға салған мәжіліске аудандағы құқық қорғау саласының өкілдері, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысып пікір білдірді.


Басқосуда сөз алған аудан прокуро­рының орынбасары Бауыржан Әбдірашит жаңа заңға сәйкес әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейгенін, әрі заңбұзушылықтар үшін жаза әкімшілік жазадан қылмыстық жазаға ауысқанын хабардар етті.
– Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмаған­дардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді, – деді ол.
Еске салайық, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға қа­тысты тиісті заңдарға Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Қасым-Жомарт То­қаев 15 сәуірде қол қойды. Мемлекет басшысы 2022 жылдың наурызында және 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында әйелдер мен ба­лаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуды тапсырды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, поли­ция подполковнигі Нұрлыбек Қордабаев тарқатты.
– Негізгі өзгерістер әйелдер мен балаларға қатысты құқық-бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кісі өлтіру үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру және балаларға қатысты жыныс­тық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, – деп атап өтті ол.
Әйелдер мен балаларға қатысты зор­лық-зомбылыққа байланысты қылмыстық істер бойынша жұмыс тактикасы мен әдістемесімен жергілікті құқық қорғау саласының өкілдері толық таныс, әрі тиісті жұмыс атқаруға сақадай сай екенін білдік.
Сонымен, жаңа қабылданған заңнамаға қандай нормативтер еңгізілді? Ең бастысы, жаңа заңға сәйкес әйелдер мен балалар­ға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейеді. Кей тұстарда заңбұзушылықтар үшін жа­за әкімшілік жазадан қылмыстық жазаға ауысты. Тарқатып айтсақ, біріншіден, «ден­саулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық-бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіру­ге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Екіншіден, неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпы адамзат­тық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасы­лық құндылықтарды құрметтеу негізінде ба­лалардың адамгершілік, рухани тәр­биесін қамтамасыз ету қағидаты қарас­тырылған. Үшіншіден, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласын­дағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойын­ша өзара әрекет етіп қана қоймай, бай­ланыс орталығына азаматтардың өтініш­терін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті болады. Төртіншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Бесіншіден, өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Алтыншыдан, 16 жасқа толмаған адам­дарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кә­мелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды. Жетін­шіден, кәмелетке толмағандарды жәбір­легені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкім­шілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Сегізінші, білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қа­тысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті. Тоғызыншы,16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.
Қысқасы, бұдан былай отбасында тай­раңдап, оғаш мінез-құлық көрсететін, әйелі мен бала-шағасына қол жұмсайтын­дар жазадан қашып құтыла алмайды. Жауапкершіліктің салмағы ауырлағанын сезген әлгіндей ер-азаматтар енді әр қадамын байқап басып, отағасы рөліндегі образын жақсарта түседі деп сенеміз.

Мақпал МАРҚАБАЙ

30 маусым 2024 ж. 234 0