Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ӘЛЕМДІ ТАҢҒАЛДЫРҒАН СЕНСАЦИЯ

ӘЛЕМДІ ТАҢҒАЛДЫРҒАН СЕНСАЦИЯ


Сіздер Кабо-Верде деген мемлекет туралы естіп пе едіңіздер?
Шынын айтқанда, көпшілігіміз бұл ел жайлы бұрын-соңды біле бермеуіміз мүмкін.

Өйткені, шағын мемлекеттердің атауы жаһандық ақпарат кеңістігінде жиі айтыла бермейді.
Алайда Африка құрлығындағы 54 мемлекеттің бірі – Кабо-Верде бүгінде бүкіл әлемнің назарында.
Себебі – бұл ел алғаш рет футболдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Міне, спорттың, әсіресе футболдың елдің имиджі мен рухын көтерудегі айрықша күші – осында!
Атлант мұхитының батысында, Африканың батыс жағалауында орналасқан Кабо-Верде Республикасы – шағын мемлекет. Оның аумағы 4 033 шаршы шақырымды құрайды, бұл шамамен Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының көлеміне тең. Халқы – 600 мың адам, яғни Абай облысының тұрғын санымен салыстырғанда шамалас. Осылайша, елдің көлемін және халық санының өлшемін салыстыру арқылы оңай елестетуге болады.

XV ғасырдың ортасында Кабо-Вердені игеру басталды.
1456 жылы португал теңізшілері Диогу Гомиш пен Антонио да Нолидің аралға табаны алғаш рет тиді. 1462 жылы Сантьягу аралында алғашқы тұрақты қоныс салынды.
Сөфтіп, Африкадағы алғашқы еуропалық отарлардың бірі ретінде тарихта қалды.
Географиялық тұрғыдан Кабо-Верде Африка мен Америка арасындағы теңіз жолында орналасқандықтан, трансатлантикалық қатынастарда маңызды рөл атқарды.
Осы өзара ықпалдастықтың нәтижесінде кабуверд креол тілі қалыптасты.
Бұл тіл мен мәдениет Африка мен Еуропаның тарихи тоғысуын бейнелейді.
Шағын аралдар ұзақ уақыт бойы Португалияның отары болды.
1975 жылы ел тәуелсіздігін жариялап, кейін демократиялық дамуға бет бұрды.
Қазір Кабо-Верде – Африка құрлығындағы саяси тұрақтылық пен демократиялық мәдениеттің үлгісі саналатын мемлекет.

Кабо-Верде табиғи ресурстарға бай болмаса да, өзінің адам капиталына, туризмге және шетелдік инвестицияға сүйенеді.
Экономиканың маңызды саласына қызмет көрсету, көлік және туризм жатады.
Елдің шетелдегі диаспорасы да ұлттық экономикаға қомақты үлес қосып келеді.
Кабо-Верде халықаралық мәдениетке әйгілі әнші Сезария Эвора арқылы танылды.
Оның шығармашылығы елдің рухани келбетін, еркіндік пен ұлттық бірегейлікті паш етеді.

2025 жылы Кабо-Верде футболдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып, тарихтағы ең ірі спорттық жетістігіне жетті.
Африка құрлығының іріктеу кезеңінде ел құрамасы Камерун, Ливия, Ангола, Маврикий және Эсватини құрамасымен бақ сынады.
Топтың басты фавориті саналатын Камерунды шешуші матчта Кабо-Верде 1:0 есебімен жеңіп, топ жеңімпазы атанды.
Бұл жетістік ел спортының дамуындағы маңызды белес қана емес, сонымен қатар ұлттық рухтың, ұйымшылдық пен еңбекқорлықтың айғағы болды.
Құрама сапында негізінен Португалия, Ирландия, Шотландия, Болгария, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі футбол лигаларында өнер көрсететін кәсіби футболшылар ойнайды. Олардың ішінде Ресейдің «Краснодар» клубында ойнайтын Кевин Ленини (5 млн евро) және Португалияның «Витория Гимарайнш» командасының ойыншысы Тельмо Арканьо (3 млн евро) бар.

P.S. Табандылық пен сенім болса, шағын мемлекет те үлкен мақсатқа жете алады. Кабо-Верде – соның нақты дәлелі. Бұл жеңіс қана емес, халықтың бірлігі, ұйымшылдығы мен ерік-жігерінің жемісі. Елдің әрбір азаматы осы жеңісті өз жетістігі ретінде сезініп, болашаққа сеніммен қарайды.

28 қазан 2025 ж. 601 0