Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » АҚТАС ҚЫСТАҒЫ

АҚТАС ҚЫСТАҒЫ


ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы мекенжайлар. Жаңақорған ауданының оңтүстік-батысында 5-6 шақырым жерде, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан. 1970 жылы археолог С. Жолдасбаев зерттеген. Қыстақ ортасында қызыл кірпіштен бір күмбезді мешіт салынған. Солтүстік-батысында қорым бар. Одан 100 метр жерде кірпіш күйдірген ошақ орны байқалады. Қазба жұмысы кезінде саз балшықтан соғылған екі үйдің орны ашылды. Қора жайлары тұрғын үйлерге жалғас салынған. Әріректе 20-дан астам тұрақжайдың  төбе болып жатқан орындары байқалады. Қыстақ тұрғындары мал және егін шаруашылығымен айналысқан. Түрлі темір бұйымдар, табақшалар, кетпен сынықтары, т.б. табылды. 
13 тамыз 2018 ж. 4 229 0