Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Заң тетіктерінің тиімділігі маңызды

Заң тетіктерінің тиімділігі маңызды


Сейсенбі күні ҚР Премьер министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысына енген жаңа ережелер жан-жақты талқыланды.


2026 жылдан бастап елімізде цифрлық электронды денсаулық паспорты енгізіледі. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады. «Сақтандыру үлгісіне көшудің басты шарты – медициналық көмектің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жаңа заң аясында табысы төмен тұлғалар үшін МӘМС жарнасын жергілікті атқарушы органдар азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша төлейтін болады» деді ол. Осы шара қолға алынған жағдайда 2026 жылдан бастап сақтандырылмаған 1 млн адам қосымша МӘМС жүйесіне енетінін айтты. Бүгінде мемлекет 11 млн-нан астам қазақстандықты немесе жалпы халықтың 60 пайызын құрайтын балалар мен жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студент, мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыздар және басқа санаттарға кіретін халықтың 15 жеңілдетілген санаты үшін сақтандыру жарналарын төлеп келеді. Сақтандырылмаған 2,4 млн адамның 1,5 млн-ға жуығы ұзақ мерзімді активтер мен жеткілікті табыстары бар тұрғындар. Жиын барысында Премьер министр Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерді ретке келтіру және тегін дәрі-дәрмекке қатысты жеңілдіктер жөнінде тоқталды. Сонымен қатар тегін дәрі-дәрмек және өзге де өзгерістерге қатысты тарпсырмалар берді. Ендігі кезеңде тұрмысы төмен азаматтар жергілікті бюджеттер есебінен медициналық сақтандыру жүйесіне қосымша қаржыландырылатын болады. Әрбір азамат медициналық көмек алудың осындай жаңа тетіктерінен хабардар болу керектігін ескертті.
Барлығымызға белгілі, жаңа медициналық нысандардың ашылуымен халықтың, әсіресе ауыл тұрғындарының медициналық көмеккке қолжетімділігі едәуір кеңейіп келеді. Сала басшысы биыл 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, 1 млн ауыл тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетілетінін жеткізді.
Жалпы биыл медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 3 триллион теңге бөлінді. Қаржының тиімді жұмсалуында медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін қайта қараудың маңызы зор. МӘМС жүйесіндегі жаңа ережелер осы мақсатты көздейді. Үкімет басшысы әйтсе де қордың бизнес-процестерін жаңғырту баяу жүріп жатқанын сынға алды. Әсіресе жоспарлау, төлем жүргізу және сатып алу мерзімінің ұзаққа созылуы медициналық кызметтің қолжетімділігін тұсайтыны белгілі. Дәрігерлік көмекті тұрақты, әрі азаматтардың талаптарына сай ету үшін денсаулық сақтау жүйесінде үйлесімді және шұғыл шаралар қабылдануы керек. Осы жағдайларға байланысты жыл соңына дейін қордың бизнес прцестерін автоматтандыру мен оңтайландыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ азаматтар мен медициналық ұйымдар үшін ыңғайлы сервистерді енгізе отырып цифрлық платформаны толықтай қайта қарауды ескертті.
Үкімет отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңіріміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
Аймағымызда міндетті медициналық сақтандырудан өтпеген азаматтар саны жыл басынан бері 9214 адамға азайып, сақтандырылған азаматтар үлесі 84,3 пайызға жеткен. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Олжас Ермекұлы баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары қаралды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде бұл көрсеткіштер соңғы үш жылда 23,61 пайыздан 21, 92 пайызға дейін төмендеген. Жыл басынан бері 44 қылмыстық іс тіркеліп, 31 іс бойынша тиісті іс-шаралар қолданылып, мемлекет қазынасына 632 млн теңге өндірілген. Олардың басым көпшілігі қаржы пирамидалары мен салықтық алаяқтарға қатысты. Экономикаға қауіп төндіріп, залал келтіретіндердің жолын кесуде нақты істер бар.
«Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау бағытында барлық жағдайлар жасалуда. Кәсіпкерлер кәсібін заңды түрде жүргізіп, бюджетке тиісті салықтық төлемдерді төлеуі тиіс» деді облыс әкімі Н.Нәлібаев. Биылғы жылдың өзінде аймақта 197 миллиард 510 мың теңгенің өндірістік инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті қолдауға ағымдағы жылы барлық көздерден 42 млрд 200 млн теңге қаржы бағытталды. 114 мың адам жұмыспен қамтылды. Белсенді кәсіпкерлік субьект саны 1,2 пайызға артты. Әкім әсіресе өнеркәсіп кешендерінде бюджеттен бөлінген субсидиялар мен кредиттерді мақсатты пайдалануға қатаң бақылау орнатудың қажеттігін айтты. «Даму» қоры, «Ауыл аманаты», «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы берілген несиелер ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
Мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатыса отырып, табысын төмендетіп көрсету, жұмысшы санын жасыру арқылы салықтан жалтарған салық төлеушілерді анықтау, кедендік төлем, көлікті заңдастыру мәселелерінің ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Ауыл әкімдеріне көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша салық басшылығымен бірлесіп заңсыз айналымдардың алдын алу, бюджетке түсетін түсім көлемін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды айтты.
Одан әрі жылу маусымына байланысты дайындық пысықталды. Жылу көздеріндегі жоспарлы параметрлердің сақталуы, отынның нормативтік қорын қадағалап, халыққа көмір бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Баян ҮСЕЙІНОВА
13 қазан 2025 ж. 1 198 0