"ҰЛТТЫҚ МҰРА" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА "ҚАЗАҚ ТІЛІ - МЕНІҢ АНА ТІЛІМ" АТТЫ КЕШ

Бүгін Руханият орталығында "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты "Орталық" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партияның Ұлттық мұра жобасы аясында "Қазақ тілі - менің ана тілім" атты кеш өтті. Кешке аудандық партияның төрағасы Мажитов Арман Әбілпеисұлы арнайы қатысты.
Шара барысында сөз алған партия төрағасы А.Мажитов: "Ана тілі – әр адамның жүрегіне жақын, ең қастерлі, ең қымбат тіл. Мен үшін ол – қазақ тілі. Қазақ тілі – менің ана тілім ғана емес, халқымның рухы, тарихы мен мәдениетінің айнасы. Қазақ тілінің әсемдігі мен байлығына күн сайын көзім жетеді. Қарапайым сөздердің өзінде терең мағына, ұлттық болмыс жатыр. Бабаларым осы тілмен ерлік жырларын жырлады, терме айтты, даналық сөздерін қалдырды. Қазақ тілінде айтылған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер – өмірлік сабақ. Мен өз ана тілімді жақсы көремін және оны ардақ тұтамын. Себебі бұл – менің кім екенімді, қай ұлтқа жататынымды көрсететін белгі. Қазақ тілін білу – менің парызым ғана емес, үлкен мақтанышым" - деп атап өтті.
Кеш барысында тіл жанашырларына партия атынан алғыс хаттар берілді.
Қазір елімізде қазақ тілінің мәртебесі артып келеді. Мемлекеттік тіл ретінде оның қолданыс аясы кеңейіп жатыр. Бұл – біз сияқты жас ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз ана тілімізді құрметтеп, таза сөйлеп, дамытуымыз керек. Себебі тілдің болашағы – біздің қолымызда.
Мен қазақ тілімен мақтанамын. Ол менің жүрегімде мәңгі сақталады.




