№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

№42 (8956) 6

06 маусым 2026 ж.

№41 (8955) 2

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Ана тілім – ұлттың айбыны, елдің айнасы

Ана тілім – ұлттың айбыны, елдің айнасы


Ана тілі – әрбір халықтың ең асыл қазынасы, рухани тірегі, айбыны мен мақтанышы. Ол – ұлттың жүрегі, халықтың жаны, елдіктің белгісі. Тілін жоғалтқан халықтың болашағы да бұлдыр. Сондықтан ана тілін ардақтау – баршамыздың перзенттік борышымыз. Қазақ тілі – талай ғасырлық тарихы бар, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жеткен асыл мұра. Оның әрбір тынысы – бабалардың даналығы, даладай кең көңілінің көрінісі.


«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген өсиет халқымыздың алтын қазығы – тілге деген құрметтің төрі. Қазақ тілі – біздің айбарымыз. Ол – ұлтымыздың абыройын асқақтатып, әлемге танытатын құдіретті күш. Ана тілі арқылы біз ата дәстүрімізді, мәдениетімізді, салт-санамызды сақтап қала аламыз. Әрбір баланың тілі қазақша шығып, қазақша ойлауы – ел болашағының кепілі.
Жас ұрпақ – тілдің болашағы. Бүгінгі буынның ана тілінде сөйлеуі, оны құрметтеуі – елдің ертеңіне ең үлкен инвестиция. Қазақ тілінде білім алу, ғылым үйрену, жаңа технологияларды меңгеру – заман талабы. Жастарымыздың жүрегінде «Менің тілім – менің айбарым, менің мақтанышым» деген сенім орнықса, қазақ тілі қашан да өз тұғырынан түспейді.
Ана тілімізді құрметтеу – өзімізді құрметтеу. Қазақ тілін қадірлеу – ұлттың намысын, арын, рухын қадірлеу. Сондықтан әрбір қазақ баласы өз тілін айбар тұтып, мақтаныш етуі тиіс. Өйткені тіліміз – болашағымыздың кепілі, елдігіміздің айнасы.

Б.Пазылов,
Аудандық соттың судьясы

03 қыркүйек 2025 ж. 399 0