№73 (8784) 14

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (8783) 10

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Татулығы жарасқан - Тәуелсіз Қазақстан

Татулығы жарасқан - Тәуелсіз Қазақстан

Бүгін "Ордакент" Жастар ресурстық орталығының ғимаратында 5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне арналған "Татулығы жарасқан - Тәуелсіз Қазақстан" атты салтанатты шара өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы және "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейісұлы аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, бір топ сала қызметкерлері мен өзге ұлт өкілдеріне алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етті. Сонымен қатар аудандық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, партия ардагері Изадилла Нарзилдаевқа 75 жылдық мерейтойымен "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың "Құттықтауы" табысталды.
Шара барысында тілдер күніне арналған кітап көрмесі мен өзге ұлт тағамдарынан дастархан мәзірі ұйымдастырылды.
Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
06 қыркүйек 2024 ж. 151 0