№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Отбасы таланттары

Отбасы таланттары


Жақында кент орталығындағы №163 орта мектепте отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отбасы таланттары» тақырыбында іс шара өтті. Бұл бастаманы 3 «д» сынып жетекшісі Мадиева Мөлдір ұйымдастырып, ата-аналармен керемет байланыс орнатты.


Игі шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отба­сы құндылығы туралы түсініктерді қалыптастыру, оны сүйе білуге, от­басы игілігі үшін талмай еңбек ету­ге, отбасы тәрбиесінің мән-маңы­зын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау. Үлкен­ді үлгі, кішіні мақтан етуге, жанұя­­­ның мақтанышы болуға тәрбиелеу­де кештің тәлімі мол. Бұл шара­ның негіз­гі ерекшелігі, қатысушылар бір-бірімен сайыс бәсекесінде бақ сынасты.
Өзара тартысты өткен сайыста әрбір қатысушы командасы үшін барын салды. Қай отбасының бір­лігі бекем, ырысы тасқан, мерейі асқаны да жарыс барысында белгілі болды. Тағылымды шарада отбасы мүшелерінің спорттық өнерімен бірге бала тәрбиелеудегі біліктілігі де бағаланды. «Балаларымыз сах­наға шыңдалып, өнерге бейімделіп, отбасылық жылылықты жастайынан сезініп өссе дейміз” деген ниеттегі ата-аналар аз емес екен. Сайысқа сыныптың 18 ата-анасы қатысып, үш топқа бөлініп, өз өнерін көрсетті.
Сайысты қорытындылаған мектеп дирек­торының тәрбие ісі жөнінде­гі орынбасары Айгүл Назарымбе­то­ва, мектеп директорының оқу ісі жө­ніндегі орынбасары Шомано­ва Зияда, бастауыш бірлестік же­тек­шісі Қарлығаш Оразгелдиева ата-аналарға алғысын айтып, сый-сияпатпен марапаттады.

Әсел РЗАЕВА
17 ақпан 2024 ж. 349 0