Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Шамшырағы қазақтың ұлы Абай»

«Шамшырағы қазақтың ұлы Абай»


Бүгін Төменарық бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Төменарық ауылында «Шамшырағы қазақтың ұлы Абай» тақырыбында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы – Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірі мен мол мұрасын дәріптеуге арналған тағылымды шара өтті.
Шара барысында ақ жаулықты әжелері сахна төріне көтеріліп, әуезді әндерін әуелете шырқады. Олардың нәзік те қоңыр үні Абайдың дәуірін көз алдымызға әкеліп, зал ішін ерекше бір мейірім мен сағыныш сезіміне бөледі. Ән арасында әжелеріміз ұлы ақынның өлеңдерін жүрекпен оқып, әр жолын мәнерлеп жеткізді. Сол сәтте әрбір тыңдаушы Абай сөзінің тереңіне бойлап, оның даналыққа толы ойларының мәңгілік екенін тағы бір сезінді. Әжелердің орындауындағы шынайылық пен жылылық кештің көркін арттырып, жиналған жұрттың ыстық ықыласына бөленді.
Қатысушылар ақынның шығармаларындағы терең ой, ұлттық құндылық пен адамгершілік қағидаттарын талқылап, бүгінгі күнмен сабақтастығын айтты. Абай дәуірінің рухын сездіртті.
Бұл кеш – жас буынға ұлы Абайдың асыл мұрасын насихаттаудың, оның мәңгілік шамшырақтай жарқыраған рухын жүректерге ұялатудың жарқын үлгісі болды.
11 тамыз 2025 ж. 182 0