Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Еңбек адамы – ел әлеуетінің қозғаушы күші

Еңбек адамы – ел әлеуетінің қозғаушы күші


Жұмысшы мамандықтар – еліміздің экономикалық іргетасын қалайтын, өндіріс пен әлеуметтік инфрақұрылымды алға сүйрейтін басты күш. Құрылыс, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты маңызды салалардың өркендеуі – осы саладағы кәсіби мамандардың сапалы еңбегінің нәтижесі екені даусыз. Шын мәнінде, бүгінгі күнгі өркениетті қоғамның тынысы, дамыған мемлекеттің қуаты – еңбек адамына тікелей байланысты.


Еліміздегі өндіріс орындары мен кәсіпорындар заманауи технологияларды игеріп, инновациялық шешімдерді өндіріске енгізіп отыр. Мұның барлығы жаңа деңгейдегі кәсіби жұмысшыларды қажет етеді. Дәнекерлеушіден бастап құрылыс инженері, тракторшыдан бастап электрикке дейінгі барлық мамандықтар – мемлекет дамуының қозғаушы күші.Статистикаға сүйенсек, Қазақстан бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 557 мыңнан астам студент білім алуда, олардың шамамен 68%-ы мемлекеттік тапсырыс есебінен оқиды. Ал түлектердің 58,5%-ы оқуын аяқтаған соң бірден жұмысқа орналасады, тағы 16%-ы жоғары оқу орындарында білімін жалғастырады. Бұл деректер жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Жұмысшы мамандықтарын насихаттау – тек жастарға кәсіби бағдар берумен шектелмейді. Бұл – еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеру, адал еңбекті дәріптеу, болашақ ұрпақтың сенімін арттыру. Қазір көп жас жоғары оқу орындарына ұмтылғанымен, нақты өндіріс пен шаруашылық саласында еңбек ете алатын жұмысшы кадрларға сұраныс әлдеқайда жоғары.
Жаңақорғандағы түлектердің көпшілігі аудан аумағындағы құрылыс, ауыл шаруашылығы, сервис және өндіріс орындарына жұмысқа орналасып жүр. Бұл – жергілікті еңбек нарығын кадрмен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Сонымен қатар жастарға туған жерде еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізу үлгісін көрсетеді.
Жұмысшы мамандықтарын дамыту – тек экономиканы ғана емес, тұтас қоғамды өркендететін бастама. Бүгінгі жас – ертеңгі кәсіби маман, ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан еңбек адамының абыройын асқақтату – болашаққа жасалған үлкен инвестиция.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше былтыр елімізде еңбекке қабілетті адам саны шамамен 9,6 млн адамды құраған. Соның ішінде 2 миллионға 300 мың бүгінде жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді екен.
Көлік және байланыс саласы: жүк көліктерінің жүргізушілер, автобус жүргізушілері, такси жүргізушілері, электровоз жүргізушілері, т.б.
Құрылыс және өндіріс саласы: құрылысшылар (монтаждаушылар, шеберлер, тас қалаушылар), дәнекерлеушілер, слесарлар, электриктер, жабдық операторлары, құрылыс бригадирлер, штукатурлар.
Қызмет көрсету саласы: сантехниктер, трубопроводшылар, қонақ үй қызметкерлері, кондитерлер, аспаздар, үй шаруашылығы қызметкерлері.
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы: тракторшылар, шаруа қожалықтарының жұмысшылар, жер өңдеушілер, малшылар.
Өнеркәсіп және тау-кен саласы: кеншілер, теміршілер, металл өңдеушілер, шахталар мен кен орындарының жұмысшылары.
Балық шаруашылығы мен су транспорты: балық аулаушылар, су транспортының жұмысшылары.
Энергетика және коммуналдық қызметтер: электрмонтаждаушылар, жылу жүйелерін жөндеушілері, газ және су жүйелері жөндеушілері, электр қуатын өндірушілер мен тарату қызметкерлері, су және жылу энергетикасының оператормен жұмыс істейтін қызметкерлері.
Өндіріс және механика: автокөлік жөндеушілері (автослесарлар, автомобиль механиктері), құралдар мен станоктар операторлары, машинистер, металлургия және химиялық өндірістің жұмысшылары, машина жасау шеберлері.
Тамақ өнеркәсібі және аграрлық сала: ет, сүт, ұн өндірісінің жұмысшылары, кондитерлер, өсімдік өсірушілер, мал дәрігерлері.
Сауда қызметкерлері: сатушылар, кассирлер, дүкен қызметкерлері, курьерлер жатады.

Сонымен қатар Олжас Бектенов жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырған болатын. Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын, – Олжас Бектенов.

Одан бөлек, еліміздің барлық, яғни 20 өңірінде жұмысшы мамандықтар беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жоспарлар бекітілді. Сондай-ақ негізгі мемлекеттік органдар, яғни 13 министрлік жаңа кәсіпорындар құру, сапалы жұмыс орындарын ашу, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, кадрлар даярлауда колледждермен бірлескен жұмысты жолға қою бойынша кешенді шаралар көзделген "Жұмысшы мамандықтары жылын" өткізу жөніндегі салалық жоспарларын әзірледі. Іс-шаралар жоспарында өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып жасалған Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, халықаралық деңгейдегі сертификатталған мамандарды дайындау, жұмысшы орындарын құру, жұмысшы мамандардың құқықтарын қорғау және мәртебесін көтеру қамтылған. Кәсіпорындармен бірлесіп ел мектептерінде 1000 бейінді сынып ашылады.
2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы да – елдің даму стратегиясындағы маңызды бетбұрыс. Бұл бастама өндіріс пен инфрақұрылымды нығайтып қана қоймай, жастарды еңбекке баулу, қоғамды ізгілендіру бағытында зор қадам болып табылады.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ

19 тамыз 2025 ж. 687 0