№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды


Премьер-Министр Әлихан Смайловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылына дайындық барысы да пысықталды. Үкімет басшысы жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілу қажет екенін айтты.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша сала басшыларына арнайы тапсырмалар берді.

Аймақтағы 295 мемлекеттік, 16 жекеменшік мектепте 182 мың оқушы білім алмақ. Осы ретте, екі апатты мектептің (Арал №71, Жаңақорған №169) ғимараты жаңа оқу жылына тапсырылады. Биыл 17898 бала 1-сынып бойынша мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.

Облыс басшысы жаңа оқу жылын бастауда еш кедергі болмау қажет екенін ескертті.

– Қала, аудан әкімдеріне жергілікті жердегі барлық мәселеге жауапты екендіктеріңізді тағы да бір еске саламын. Сабақ процесі еш кедергісіз басталуы керек.

Көмекке мұқтаж отбасының балаларына қажетті барлық қолдау шараларын жүзеге асырыңыздар! Бұл – тек басқарманың ғана емес, қала, аудан әкімдерінің де тікелей міндеті!– деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, білім саласындағы тағы бір көтерілген мәселе – оқулықтардың жеткізілуі. Нұрлыбек Машбекұлы бұл мәселеде мектеп оқушыларына тиісті берілетін кітаптарды үлестіру жұмыстарын ерте ұйымдастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, биыл жалпыға міндетті оқу қоры аясында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес тиісті көмек түрлерін алатын арнайы санаттағы 31 322 бала анықталған. Бұған жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлінген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

18 тамыз 2022 ж. 369 0