Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНДЫҚ КӨП БЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАДАҒЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНДЫҚ КӨП БЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАДАҒЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, “AMANAT” партиясының мүшесі Руслан Рүстемов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапары барысында Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстарын зерделеді.
Көп бейінді орталық аурухана ғимаратына блок толықтыра отырып қайта жаңғырту жұмыстары басталып қазіргі таңда екінші қабатын көтеріліп жабу кезеңіне келді. 2025 жыл қазан-қараша айына құрылыс жобасы толық аяқталып, 1 қабатында МРТ және Ангиограф құрылғысы орнатылса, 2 қабатында 9 төсек орынды инсультті бөлімшесін орналастыру жоспарлануда. Қазіргі таңда аурухананың құрал-жабдықтармен жабдықталуы 90.0% құрап отыр.
Депутат мердігер ұйым өкілдерімен, денсаулық сақтау мекемесінің басшылығымен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, жобаның іске асу барысын талқылады. Құрылыс қарқыны мен сапасына ерекше назар аударылды.
23 шілде 2025 ж. 1 139 0