Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ


Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтің жетекшілігімен Жаңақорған кенті орталығындағы «Нұр» базарына санитарлық талаптардың сақталуына байланысты мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жұмыстарына кент әкімдігі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.
Алдымен базар ішіндегі ет өнімдерін сату қатары мен қоғамдық тамақтану орындары қаралып, тазалық талаптарының жай-күйі тексерілді. Аудан әкімінің орынбасары базар басшысына ет өнімдерінің арнайы жабынмен қорғалуы тиіс екендігін және тамақтану орындарында санитарлық нормалардың орындалмауын атап өтті.
– Базарлар мен сауда нүктелері тұрғындар көп жиналатын орын болғандықтан, санитарлық жағдай барлық талаптарға толық сай болуы қажет. Әрбір кәсіп иесі өзінің жұмыс орнын таза ұстауға міндетті, – деді Бектас Балғабайұлы.
Сондай-ақ, базар маңындағы дүңгіршек иелеріне ескірген жарнамалық баннерлерді жаңарту қажеттілігі ескертілді.
Мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар бөлімдерінің бақылау функцияларын күшейту тапсырылды. Сонымен қатар, кент әкімдігіне базар маңындағы санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау жүктелді.
18 шілде 2025 ж. 702 0