№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорған: дизинфекция шаралары жүруде

Жаңақорған: дизинфекция шаралары жүруде

Жаңақорған кентіндегі халық көп шоғырланатын орындарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Енді бұл жұмыстар күнделікті жүргізіледі.


Алдымен адам көп жиналатын COVID-19 инфекциясының ошағы болуы мүмкін орындар өңделеді: саябақтар, алаңдар, аялдамалар, автобустар, қоғамдық орындар және тағы басқа. Сондай-ақ қаланың санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес сауда орталығы, базарлар және басқа да адам көп жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция ұйымдастырды. «Инфекция қаупі жойылған жоқ, жұқтырғандар саны да, өлім жағдайлары да өсуде. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау керек! Себебі бұл санитарлық нормалардың сақталмауы науқастар санының көбеюіне әкеледі», – деді облыстың бас санитары.

Естеріңізге сала кетейік, осы айда әр жексенбіде тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды, дәріханалар мен үй жанындағы азық-түлік дүкендерін қоспағанда, қоғамдық көліктер мен барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды (жұмыс кестесі сағат 10-дан 17-ге дейін). Барлық қоғамдық орындар жабық: саябақтар, алаңдар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адам көп жиналатын орындар. 
06 шілде 2020 ж. 823 0