Жаңарықтағы жарқын жүздесу

“AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасы-халықтың талап-тілегінен айқындалған, тұрғындар өтінішінің негізінде жасалғанын, кездесу барысында жол картасы бойынша бүгінгі күнге дейінгі жасалынған жұмыстарға тоқталып өтті.
Тұрғындар тарапынан ауыл іші жолдарын асфальттау, жарықтандыру, жол кедергілерін қою және ыза су мәселелері мен Р22 каналын тазалау бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, айтылған ұсыныстар назарға алынатындығын, алдағы уақытта депутаттық сауалдар жолданатындығын жеткізді.
"AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Амитов Нуридин Егембердіұлы тұрғындардың әлеуметтік - экономикалық әл-ауқатын жақсарту мен партия жұмысын күшейту бағытындағы алдағы мақсат-міндеттерді атап өтті.
Өз кезектерінде тұрғындар да ұсыныс-тілектерін ортаға салып, “AMANAT” партиясын қолдайтындықтарын үлкен сеніммен жеткізді.