№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАР ӨТТІ


Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің» басшысы Сағындық Фарида, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бағытындағы пилоттық жобаны іске асырып жатқан жобалық топ мүшелері және облыстық «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасы басшысының орынбасары Мыңбаев Азамат қатысты.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов ашып, жүргізіп отырды. Оқыту жұмыстарына құқық қорғау, денсаулық, білім саласының қызметкерлері, әлеуметтік педагогтар, кент, ауылдық округі әкімдері, мәдениет және спорт мамандары қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен енгізіліп жатқан FSM Social ақпараттық жүйесі және Socium автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ) туралы кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл цифрлық платформалар мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудегі процестерді автоматтандыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын тиімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мобильді қосымшалар адами факторды азайтып, шешімдердің дұрыстығын арттырып, мамандардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.
18 маусым 2025 ж. 115 0