Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау үшін пилоттық жоба іске қосылады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау үшін пилоттық жоба іске қосылады


Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру үшін пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Осы бұйрықпен әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көмірді өткізу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) шығару бойынша салық төлеушілердің міндетін енгізу бөлігінде пилоттық жобаны 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асыру көзделеді.
04 ақпан 2022 ж. 351 0