№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Бастау Бизнес» жобасына цифрлық маркетинг модулін енгізу ұсынылды

«Бастау Бизнес» жобасына цифрлық маркетинг модулін енгізу ұсынылды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында келешек мамандықтарына қатысты мәселе талқыланды.
Бұл кездесу «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігінің бастамасы негізінде ұйымдастырылды.

Шараға Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пирмұхаммед Сыздықов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері, жастар қатысты.
«Бастаманы қолдау »қоғамдық бірлестігі биыл облыста «Келешек мамандықтары: Жұмыссыздық проблемаларының шешімі» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар бағдарламасы аясында, Еуразия қорының қолдауымен іске асырылуда.
Ұйым жетекшісі Мадина Төлепова жоба аясында Қызылорда қаласы бойынша 31 жұмыссыз жас SMM, мобилография және графикалық дизайн курстарын қысқа мерзімде оқып, біліктіліктерін жетілдіріп, нарықта сұранысқа ие жаңа мамандық иесі атанғанын жеткізді. Қатысушыларға қосымша құралдарсыз, ұялы телефон арқылы жарнамалық материалдар дайындау жолдары үйретілген. Нәтижесінде 16 азамат жұмыспен қамтылған.
Мадина Төлепова кездесуде жобаның тиімділігін айта отырып, бұл тәжірибені жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында өткізілетін қысқа мерзімді курстарға цифрлық саладағы келешегі бар мамандықтарды қосу қажеттігіне тоқталды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева жұмыссыздықпен күресуге арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта келе, бағдарламаның биыл аяқталатынын, жаңа құжат әзірленіп жатқанын жеткізді.
Шара қатысушылары мемлекеттік бағдарламалар негізінде жұмыссыздарды оқыту бойынша бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға әлеуетті қатысушыларды іріктеу критерийлерін әзірлеу және біліктілік алған жұмыссыздар үшін материалдық жауапкершілік шараларын қарастыруды ұсынды. Себебі қатысушылар арасында материалдық төлемдер (стипендиялар мен жол жүру билеттері) үшін оқып, болашақта ұсынылған бос орындардан бас тартып, алған мамандықтары бойынша жұмыс жасамайтын жағдайлар кездеседі екен.
Сондай-ақ кездесуде қысқа мерзімді кәсіптік даярлық бойынша біліктілік пен дағдылар тізбесіне аудит жүргізіп, жыл сайын еңбек нарығына талдау жасалу қажеттігі айтылды.
Сонымен бірге «Бастау Бизнес» жобасының оқыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды. Атап айтқанда, болашақ кәсіпкерлер әлеуметтік медиа платформалар арқылы өз тауарлары мен қызметтерін жарнамалау дағдыларына меңгеру үшін оқыту модульдеріне цифрлық маркетинг (SMM, Mobilography, Graphic дизайн жәнет.б.) бойынша тренингтер енгізу қажеттігі айтылды.
Кездесу қорытындысымен айтылған ұсыныстардың барлығы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне, «Атамекенге» және облыс әкімдігіне жолданатын болды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
08 қазан 2021 ж. 221 0