№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Алтын той» иелері құрмет төрінде

«Алтын той» иелері құрмет төрінде


«Отан – отбасынан басталады». Бұл тәмсілдің төркіні шаңырақтың шаттығы мен ынтымағында жатса керек. Еліміз бойынша жарты ғасырдан астам уақыт бір шаңырақ астында берекелі күн кешкен 20309 ресми тіркелген. Оның 158-і біздің ауданда тұрады екен. Үлгілі отбасылардың мерейін тасытқан дәстүрлі шарада осы ереже талаптарына сай іріктелген 8 жұп отбасымен марапат мінберіне көтерілді.


Айтулы шараны аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы ашып, құттықтау сөзін арнады.
– Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген керемет сөз бар. Өйткені, Отанды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта, ол – отбасы. Отбасында жарасым, сүйіспеншілік, мейірім болса ғана шаңырақ биік құрылып, керегесі кең болады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында отбасын қорғауға және бала капиталын қалыптастыруға ерекше мән берді. Мұндай қолдау әрбір қазақстандықтың өз болашағына деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен отбасы­лық құндылықтар дәріптелетін «Анаға тағзым» орталығы пайдалануға берілді. Осындай халық игілігіне бағытталған шынайы шешімдердің ел арасында дұрыс қабылдануында Сіздердің пікірлеріңіз зор маңызға ие. Біздің ауданда мәуелі әулетке айналған мерейлі отбасылардың қатары қалың. Олар бүгінде бүтін бір елдің үлгі-өнеге алар жанұясына айналған. Отбасылық құндылықтарды сақтап, салт-дәстүрді берік ұстанған осындай ардақты жандар қай кезде де марапатқа лайық, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Дәстүрлі шарада «Алтын той» иелеріне құрмет көрсетілді. Аудандық «Ордакент» ардагерлер, жастар ресурстық орталығында өткен «Отбасы-бақыт мекені» атты меркелік шарада алтын той иелеріне аудан әкімі орынбасарының құттықтауы мен сый-сияпаттар табысталды. Солардың қатарында Қосүйеңкі ауылынан келген Жадиковтар отбасы, Қаратө­бе ауылынан келген Рысдәулетовтер отбасы, Байкенже ауылынан келген Сейдеметовтер отбасы , Шалқия кентінен Өтегеновтер отбасы, Ақүйік ауылынан келген Бердібековтер отбасы, Келінтөбе ауылынан келген Тастеміровтер от­басы, Төменарық ауылынан келген Шораевтар отбасы, Сүттіқұдық ауылынан келген Божановтар отбасы марапат мінберіне көтерілді.
Сонымен қатар қыркүйек айында Алматы қаласында «Алатау" дәстүрлі өнер театрын­да "Қазақ аналары — дәстүрге жол" қоғам­дық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен рес­публикалық «Абысын-ажындар» байқауында топ жарып бас жүлдені иеленіп қайтқан аққорған­дық «Атымтай ата» әулетінің келіндеріне Алғыс хаттар табысталды.
Дана халқымызда «Отан – ел тірегі» деген керемет сөз бар. Босағасын қастерлеп күтіп, содан бақытын тапқан жандарды дәріптеу арқылы елдігіміздің келешек тұтқасы жастарға жарқын жол көрсете аламыз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
05 қараша 2024 ж. 178 0