Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Алтын той иелері құрмет төрінде

Алтын той иелері құрмет төрінде

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы аудандағы «Алтын той» иелеріне құрмет көрсетті.
Аудандық «Ордакент» ардагерлер, жастар ресурстық орталығында өткен «Отбасы-бақыт мекені» атты меркелік шарада алтын той иелеріне аудан әкімі орынбасарының құттықтауы мен сый-сияпаттар табысталды.
Сонымен қатар, бүгін шараның қонақтары, өздеріңіз білетіндей қыркүйек айында Алматы қаласында өткен "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Қазақ аналары — дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен республикалық «Абысын—ажындар» байқауында топ жарып бас жүлдені иеленіп келген Аққорғандық «АТЫМТАЙ АТА» әулетінің келіндері болды. Әулет келіндерінеде алғыс хаттар табысталды.
Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген керемет сөз бар. Өйткені, Отанды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта ол – отбасы. Отбасында жарасым, сүйіспеншілік, мейірім болса ғана шаңырақ биік құрылып, керегесі кең болады.
01 қараша 2024 ж. 342 0