Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » БАУ - БАҚША БАПТАП, БЕРЕКЕ ТАПҚАН

БАУ - БАҚША БАПТАП, БЕРЕКЕ ТАПҚАН



Жаңақорған ауданында бау - бақшаның бабын тапқан жандар аз емес. Соның бірі - Жаңақорған ауданы, Аққорған ауылдық округіндегі ұлағатты ұстаз, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, Ермағамбет Әсенұлы Құлымбетов ағамыз бау-бақша баптаудың ебін тапқан.

Бүгін Түгіскен ауылына жасаған сапары аясында аудан әкімі Мажит Самитов зейнеткер ағамыздың бұлай бақша баптауы көпке үлгі боларлық іс екенін атап өтті.

- "Бау-бақшаны күтіп баптау біріншіден зейнеткерлік демалыстағы ермегім. Екіншіден таза ауадағы серуен. Үшіншіден табиғатты аялауға үлес қосу. Атам қазақ «Мал қалғанша тал қалдыр» демей ме! Еңбек еткенім ұрпақтарыма да үлгі. Немерелерім да қасыма келіп көмектесіп, еңбекке тәрбиеленеді.
Табиғатқа көңіл бөлген адам өмірде де сондай жанашырлық көзқараста болады деп ойлаймын, - дейді ардагер ұстаз.

Қария баптаған бау - бақшамен танысқан аудан басшысы ризашылығын білдіріп, сәттілік тілеп, алдағы уақытта мол өнім алуына тілектестігін білдірді.
31 мамыр 2025 ж. 1 192 0