Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Пайдалы қоспа жасаудың технологиясы табылды

Пайдалы қоспа жасаудың технологиясы табылды


М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары мен студенттері «СҚ Протеин» ЖШС бірлесіп, қара мал мен жылқының терісінен белогы жоғары жемазық қоспасын шығарудың технологиясын жасап шығарды.
Бұл жоба «Ғылым қоры» АҚ алынған 350 млн теңгелік грантқа ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты Ақан Жұнысовтың  басшылығымен іске асырылды. Жаңа қоспа құс шаруашылығында қолданылып, бройлердің салмағын белгілі кезеңде бұрынғыдан 20-22 пайызға арттыратындығы анықталған. Оның үстіне қоспа экологиялық тұрғыдан таза деп табылған. Кеше жоба Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновке таныстырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
28 мамыр 2025 ж. 230 0