Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖОБАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖОБАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ ТАПТЫ



Қорқытата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары облыстық ауылшаруашылығы басқармасы ұйымдастырған агроөнер кәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобалар конкурсына қатысты. Байқау нәтижесінде университеттің екі жобасы 30 миллион теңгеден аса қаржылай қолдау тапты.
- Аймақтың негізгі дақылы – күріш екені бәрімізге белгілі. Су тапшылығына байланысты күріш көлемін қысқарту туралы мәселе жиі көтеріліп жүр. Осыған байланысты біздің жас ғалымдар ғылыми зерттеу жүргізуде. Күріш қалдықтарын өңдеу барысында алынған био тыңайтқыш топырақ құнарлығын арттырады. Сол арқылы ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін ұлғайту жобасы өндіріске енгізіледі. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы тың әдістерді іске асыруымыз керек, - деді техника ғылымдарының докторы, агро биологиялық орталықтың бас ғылыми қызметкері Серікбай Өмірзақов.
Зерттеу жұмысын университеттің инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Ахатаев бастаған ғалымдар тобы жүргізді. Ғалым өсімдіктерді қорғау құралдарын, био тыңайтқыштар әзірлеу, топырақтың құнарлылығы мен сипаттамаларын жақсарту салаларын зерттеп келеді. Қазіргі таңда оның 70-тен аса ғылыми жұмысы бар.
- Инновациялық жоба топырақ құнарлығын арттыруда күріш қалдықтарын қайта өңдеу кезінде алынған био тыңайтқышты пайдалану есебінен көкөніс және бақша дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған. Жобаны Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылындағы «Тұрмағанбет» ЖШС-де іске асыру жоспарлануда. Болашақта өңірдің көп тонналы ауылшаруашылығы қалдықтары био тыңайтқышқа қайта өңделетін болады, - деді  Қорқытата атындағы Қызылорда университетінің химия ғылымдарының кандидаты  Нұрлыбек Ахатаев.
25 сәуір 2022 ж. 540 0