Журналистер арасында «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсын өткізу туралы

Журналистер арасында «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1. Журналистер арасындағы «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) «AMANAT» партиясының (бұдан әрі – партия) қызметі туралы тұрғындардың хабардарлығын, журналистердің шығармашылық әлеуетін көтеру және ынталандыру, сондай-ақ журналистік қоғамдастықты елдегі саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында және бағдарламалық құжаттарында көрсетілген өзекті міндеттерді жария етуге тарту мақсатында өткізіледі.
2. Конкурстың міндеттері:
- партия мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері (бұдан әрі – БАҚ) арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту;
- журналистердің назарын партия қызметін, сондай-ақ жаңа партиялық жобаларды жария етуге аудару;
- елдің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы туралы тақырыптарды жариялауға журналистердің назарын аудару.
3. Жеңімпаздарды анықтау мен сыйлықтарды беру Конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.
4. Конкурстық комиссияның құрамына партияның Саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партияның Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, белгілі журналистер, жазушылар мен әдебиеттанушылар кіре алады.
5. Конкурстық комиссияның құрамын «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы бекітеді.
6. Конкурстың өткізілуін үйлестіру Конкурсты ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Оның құрамын партияның Атқарушы хатшысы бекітеді.
7. Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміт білдірген барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін БАҚ-та жарияланады.
8. Конкурс жеңімпаздарының келесі конкурсқа кем дегенде 3 жылдан кейін қатысуға құқығы бар.
2. Конкурсқа қатысу шарттары
9. Конкурсқа қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық қазақстандық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер шақырылады.
10. Конкурсқа еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруына, партиялық бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, партия бастамаларын іске асыруға арналған қоғамдық-саяси тақырыптағы материалдар, сондай-ақ партияның, оның филиалдарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, бастауыш партия ұйымдарының жастар саясаты мен күнделікті қызметі туралы материалдар қабылданады.
Конкурс материалдары түрлі жанрда қабылданады: очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиялық және радиобағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және 2024 жылғы 1 шілде – 2025 жылғы 16 маусым аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан басқа да материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар топтамалары.
11. Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдың ксерокөшірмесі түрінде (басылым атауы, күні мен автордың толық байланыс мәліметтері көрсетіліп) қолма-қол немесе пошта немесе электрондық пошта арқылы ұсынылуы тиіс.
Аудиовизуалдық жұмыстар телевизиялық бағдарламалардың көшірмесі түрінде эфир анықтамаларымен бірге (cd/dvd дискілер, flash-таратушыларда) ұсынылуы тиіс.
Электрондық БАҚ журналистері интернет-сайтта орналастырылғанын растап, жарияланған материалдарының көшірмесін жолдауы қажет (қолы мен мөрі бар БАҚ басшысының немесе БАҚ бас редакторының анықтамасы).
Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Ұсынылатын материалдарға міндетті түрде келесі құжаттар қоса берілуі тиіс журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің фотосуреті, мөлшері 3x4 см (электрондық өтініш беру кезінде JPEG форматындағы файл, жақсы сапада, 4-5 МБ), ақпараттық материалдардың тізімі.
11.1. Конкурсқа материалдар электрондық пошта арқылы ұсынылған жағдайда мынадай талаптар қолданылады:
Газеттер үшін – Word форматындағы материал; материал жарияланған PDF форматындағы газет шығарылымының электрондық нұсқасы; қолы мен мөрі бар БАҚ басшысынан немесе БАҚ бас редакторынан анықтама.
Телеарналар үшін – Word форматындағы материал (суфлердің мәтіні, бағдарламаның сценарийі, материалдың мәтіні); эфирдің бейнежазбасы; БАҚ басшысынан не БАҚ бас редакторынан қолы мен мөрі бар анықтама.
Интернет-басылымдар үшін – материалға сілтеме; сайтта не өзге интернет-көзде материалдың бар екендігін растайтын экран (тек толық скрин қабылданады); қолы мен мөрі бар БАҚ басшысынан не БАҚ бас редакторынан анықтама.
Эфирге шыққан материалдың радио аудиожазбасы үшін – оның мәтіндік транскрипциясы; БАҚ басшысының не БАҚ бас редакторының қолы мен мөрі бар эфирлік анықтамасы.
12. Бір журналист 3 материалдан артық ұсына алмайды. Әр материалдың қандай номинацияға ұсынылатындығын белгілеу керек.
13. Материал 23.05.2025 жылдан бастап қабылданады. Конкурсқа материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 17 маусым, сағат 18.00 дейін (материалдардың түскен күні).
Жұмыстар Ұйымдастыру комитетіне хабарламада мерзімі көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Конкурс тақырыбына, ұсынылған талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ, мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
3. Конкурсты өткізу кезеңдері
14. Алдыңғы кезең.
БАҚ-та конкурс өткізу және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.
15. Конкурсты өткізудің негізгі кезеңі.
Конкурстық материалдар Ұйымдастыру комитетіне 2025 жылдың 17 маусымға дейін (осы күнді қоса алғанда) жіберіледі. Конкурстық комиссия өз жұмысының қорытындысы бойынша конкурс лауреаттарын айқындайды.
16. Қорытындыларды шығару.
Жеңімпаздарды жариялау келесі 10 номинация бойынша конкурстың жалпы қорытындысын шығару аясында жүзеге асырылады:
Тақырыптар бойынша номинациялар:
1)«Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»
Бұл номинация Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында көтерілген бастамалар мен еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың мазмұнын жан-жақты ашып көрсеткен материалға беріледі. Жұмыста реформалардың нақты нәтижелері, қоғамға және азаматтардың өміріне тигізген оң әсері көрініс табуы керек.
2)«Еңбек адамы туралы үздік материал»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған орай, ұсынылатын материалда еңбек адамының өз ісіне деген жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігін көрсету арқылы жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын айқындау қажет.
3)«Жастар туралы үздік материал»
Бұл номинацияға жастардың қоғамдағы рөлі мен ел дамуына қосқан үлесі жайындағы тақырыптарды қамтитын материалдар қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыста қазіргі жастардың жаңа мүмкіндіктерді игерудегі бастамашылдығы, білім, ғылым, кәсіпкерлік және қоғамдық өмірдегі белсенділігі, сондай-ақ ұлт болашағын қалыптастыру жолындағы нақты үлесі жан-жақты және шынайы түрде ашып көрсетілуі тиіс.
4)«Аймақ туралы үздік материал»
Бұл номинация өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзекті мәселелері және болашаққа арналған жоспарлары жан-жақты талданып көрсетілген материалға беріледі. Жұмыста аймақтың ерекшеліктері мен әлеуеті, инфрақұрылымдық немесе әлеуметтік салада жүзеге асқан табысты жобалар қамтылуы тиіс.
5) «Партия жұмысы туралы үздік материал»
Бұл номинацияға «AMANAT» партиясының қызметі, қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуы, халықпен байланысы туралы әзірленген материалдар қабылданады. Жұмыстарда партияның «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Құқықтық көмек» және басқа да ірі жобаларының мазмұны мен нәтижелері көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар Мәжіліс қабырғасындағы партиялық фракцияның, партияның Әйелдер қанатының қызметіне қатысты материалдар да қарастырылады.
6)«Taza Qazaqstan» – экология мен қоршаған ортаны сақтау туралы үздік материал»
Бұл номинацияға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған жалпыұлттық акция аясында әзірленген, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ қоғамда тазалық, ұқыптылық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды насихаттауға бағытталған үздік журналистік материалдар қабылданады.
7)«ҚР Конституциясының 30 жылдығы туралы үздік материал»
Бұл номинация Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған, конституциялық құндылықтарды насихаттауға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған құқық және заң саласындағы үздік журналистік зерттеу немесе сараптамалық материал авторына беріледі.
Арнайы сыйлықтар:
1)Шерхан Мұртаза және Қамал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы
Бұл сыйлық телевизия саласындағы ең үздік тележобаға табысталады. Бағдарламаның форматы әлеуметтік, экономикалық және саяси сипаттағы өзекті тақырыптарды қамтуы тиіс.
2)«Алаш аманаты» сыйлығы
Бұл сыйлық Алаш қозғалысының идеяларын насихаттауға, ұлт зиялыларының тарихи рөлін терең ашып көрсетуге арналған үздік материал авторына табысталады. Аталымда ұлттық бірегейлікті сақтау жолында табандылық танытқан қайраткерлер мен тағдырлы тарихи оқиғаларды жан-жақты зерттеген жұмыстар қарастырылады. Атап айтқанда, Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл, Смағұл Сәдуақасовтың дүниеге келгеніне 125 жыл және «Қазақ» атауының ұлтқа қайтарылғанына 100 жыл толуына орай әзірленген публицистикалық және зерттеу материалдар назарға алынады.
3)«Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы
Бұл номинация азаматтық ұстанымын ашық білдіріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп жүрген тілшілерге, блогерге немесе фоторепортерге арналған. Байқауға ұсынылатын материал мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары, қоғамдық пікір тудыра алатындай әсерлі болуы шарт.
17. Осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаз жеке табыс салығын есептемегенде 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде сыйлықақымен марапатталады.
4. Конкурстық материалдарды бағалау мен іріктеу рәсімі
18. Конкурс материалдарын бағалау кезінде мынадай өлшемшарттар басшылыққа алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестігі, материалдардың обьективтілігі, жаңалығы, қозғалған проблемаларды және оларды шығармашылық талдау тереңдігі, мәселені ашу дәйектілігі, нақтылығы және логикалық негізділігі, стилі, баяндау тілі, техникалық сапасы, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, жарияланымда және аудиовизуалды жұмыста жазылған ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы, журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі, сыртқы безендірілуі және материалдар тудырған қоғамдық резонанс.
5. Ұйымдастыру комитеті
19. Ұйымдастыру комитеті:
- үміткердің осы Конкурс туралы ереженің қойылған талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты оның қатысуына рұқсат бермейді.
- Конкурстық комиссия мүшелерінің белгілі бір үміткерге қатысты өз өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны анықталған кезеңде конкурс нәтижелерінің күшін жояды.
20. Ұйымдастыру комитеті:
- барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
- конкурсты өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;
- конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеуге міндетті.
6. Конкурстық комиссия
21. Конкурстық комиссия:
- конкурсқа келіп түскен материалдарды бағалайды;
- жеңімпаздарға сыйлықтарды табыстап, конкурстың қорытындысын шығарады.
22. Конкурстық комиссия:
- барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
- конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеуге міндетті.
Конкурстық комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысуына жол берілмейді.
23. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып табылады.
24. Конкурстық комиссия отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен тиісті шешім қабылдайды.
25. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі кезінде дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
7. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
26. Конкурсқа қатысушылардың:
- конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;
- Ұйымдастыру комитетіне осы Ереженің тармақтарын түсіндіру үшін жүгінуге;
- конкурсқа қатысу үшін материалдарды жіберуге құқығы бар.
27. Конкурс қатысушылары:
- конкурс нысанасымен алдын ала танысуға, конкурсқа қатысуға қойылатын талаптарды зерделеуге;
- осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды уақтылы ұсынуға;
- осы Ережеде көзделген шарттар мен рәсімдерді сақтауға міндетті.
28. Конкурсқа қатысушылар:
- материалдарда көрсетілген ақпараттың, сондай-ақ түйіндеменің дәйектілік талаптарын бұзғаны үшін;
- осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен рәсімдерді сақтамағаны үшін конкурсқа қатысудан шеттетілуі мүмкін.
8. Медиа-ресурстар
29. Ақпараттық сүйемелдеуді партияның медиа-ресурстары, ақпараттық серіктестері қамтамасыз етеді.
9. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
30. Конкурсты ұйымдастыру комитеті: 010000, Астана қ., «AMANAT» партиясының Орталық аппараты, Қонаев көшесі, 12/1, № 706, тел. 8–7172–70 76 25, 8-7172-707-628, media_premiya@amanatpartiasy.kz.
Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қабылданады.