№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ауыл болашағы – цифрлық дамуда

Ауыл болашағы – цифрлық дамуда


Қызылорда облысында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен және тікелей қолдауымен ауыл өмірін жаңғыртуға бағытталған екі күндік аймақтық форум өтті. Шараға әр саланың сарапшылары, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар, белсенді жастар, оқытушылар мен тәжірибелі тренерлер қатысты.


Форумның басты мақсаты – ауылдағы өзекті мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын бірлесе қарастыру, жастардың белсенділігін арттырып, оларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну болды.

Ауыл шаруашылығы – ұлттық экономиканың негізі


Форумның алғашқы күні ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналды. Спикерлер қатарында ауыл шаруашылығы саласының беделді мамандары мен аграрлық секторда табысты жобаларды іске асырған кәсіпкерлер болды. Олар агротехникалық инновациялар, суды үнемдеу технологиялары, жер ресурстарын тиімді пайдалану, фермерлерге арналған мемлекеттік қолдаулар туралы кеңінен ақпарат берді. Бұл бағыттағы баяндамалар қатысушылар тарапынан қызу қолдау тапты.

Цифрлық сауаттылық – уақыт талабы

Форумның мазмұнын тереңдете түскен келесі маңызды бағыт – цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект тақырыптары болды. Осыған орай арнайы шақырылған оқытушылар мен тренерлер қатысушыларға қазіргі қоғамның басты құндылықтарының бірі – цифрлық мәдениет пен технологиялық сауаттылық туралы мағлұматтар берді.
Заманауи трендтерге бейімделу, ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллектің ауыл өміріне ықпалы және оны тиімді пайдалану жолдары кеңінен түсіндірілді. Практикалық жаттығулар мен тренингтерге қатысушылар цифрлық құралдарды қолдану, мобильді қосымшалармен жұмыс істеу, мәліметтермен сауатты жұмыс жасау дағдыларын меңгерді. Қатысушылар үшін бұл тың әрі пайдалы ақпарат болды.

Жастар – ел тірегі

Форумның екінші күні ауыл жастарының мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, білімге қолжетімділік, кәсіпкерлік бастамалар, әлеуметтік белсенділік, мәдени және рухани даму жолдары жан-жақты қозғалды. Пікірталас алаңында жастар өз идеяларын ортаға салып, ел болашағы үшін қандай үлес қоса алатындарын нақты мысалдармен көрсетті.
Жас кәсіпкерлер ауылдық жерлерде табыс табудың тиімді жолдары мен бастамашыл болудың маңызын айтты. Сонымен қатар, жастар мен тренерлер бірлесе отырып, арнайы бастамалар пакетін әзірлеп, форум соңында қарар ретінде ұсынды.

Ауыл – елдің алтын бесігі

Форум соңында «Ауыл» партиясының басшылығы ауылдарды дамытудың жаңа кезеңіне аяқ басу үшін осындай диалог алаңдарының маңызы зор екенін атап өтті. Партия ауылдың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарды жинақтап, оларды Үкіметке жеткізетін болады.
Шара аясында өткен тренингтер, кездесулер мен ашық пікірталастар қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды. Бұл форум – ауылды дамыту жолындағы нақты қадамдардың бірі. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта басқа да облыстарда ұйымдастырылмақ.

Жәмила ЕРМАХАН

27 мамыр 2025 ж. 97 0