№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ауыл аманаты» жобасы

«Ауыл аманаты» жобасы

Биыл Қызылорда облысында 2,5 пайызбен несие беретін «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылады.
"Ауыл аманаты" жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда жүзеге асырылатын жобаларға беріледі.

Қаржыландыру бағыттары:
1. Өңдеу саласына қатысты жобаларды қаржыландыру (жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы)
2. Өсімдік шаруашылығын дамыту
3. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау
4. Мал шаруашылығын дамыту
5. Басқа бағыттағы бизнес жобалар

Микрокредиттер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін беріледі.
Микрокредиттің ең жоғары сомасы жеке кәсіпкерлер үшін - 2,5 мың АЕК-ке (8,6 млн. теңге) дейін, кооперацияны дамыту үшін - 8,0 мың АЕК (27,6 млн. теңге) дейінгі соманы құрайды.
Жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Несие алушыларға бірқатар талаптар қойылады.
1. Несие алушыны жеке кәсіпкер болып тіркелуі тиіс;
2. Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы;
3. Мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы;
4. Несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс;
несиені кепілмен қамтамасыз ету;
5. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы;
6. Құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру;
7. Қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу керек.
20 сәуір 2023 ж. 406 0