№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Елдің көсегесін көгертетін – ерлері

Елдің көсегесін көгертетін – ерлері


Соңғы жылдары елімізде барлық салаға инвестиция қарқынды түрде салынуда. Оның ішінде, аграрлы салаға салынған қаржылардың қайтарымы көңіл қуантады. Бір ғана Сыр өңірінде бұл салаға көп көңіл бөлінуде. Өйткені, ішкі нарықты реттеуге бағытталған жобалардың болашағынан мол үміт күтіп отырғанымыз рас. Мәселен, Жаңақорғандағы алма бақ осының дәлелі. Ауданда жақында тағы бір жоба іске асты. Бұл жолғы бағыт мал шаруашылығына арналды. Қожамберді ауылында көптен бері жоспарланған арнайы зауыт іске қосылды.


Жалпы Қызылорда аймағы инвестиция бойынша ел экономикасында үздік үштіктен түскен емес. 2024 жылы 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, бұл бастамалар аймақтың индустриалды әлеуетін арттыруға тың серпін берді. Алайда бұл – бастаманың ғана көрінісі. 2025-2029 жылдары іске асырылуы жоспарланған құны 1,8 трлн теңгені құрайтын 66 инвестициялық жоба өңірдің болашағына зор сенім ұялатады. Бұл жобалар тек қана экономиканы жандандырып қоймай, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға негіз болады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 11 млрд 954 млн теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,5 пайызға өсті. Құрылыс секторындағы өсім одан да ауқымды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 646 млн теңгеге жетіп, 165,8 пайызды құраған. Қоса кеткен жөн, бөлшек сауда көлемі 3 млрд 313 млн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызды құрапты. Бұл көрсеткіш халықтың сатып алу қабілетінің, тұтыну деңгейінің және экономикалық белсенділіктің тұрақты екенін көрсетеді.
Жыл сайын Жаңақорғанда ауылшаруашылығы саласында кем дегенде екі жоба жүзеге асырылуда. Былтыр егін, бақша өнімдеріне бет бұрылса, биыл төрт түлікке бағытталыпты. Қожамбердідегі «Қожамберді Батыр» ЖШС мал сою және ет экспорттау орталығы ашылды. Негізгі атқаратын функциясы мал сойып, оны елімізің әр өңірі мен шет елдерге экспорттау. Мекеме төрағасы – Ануар Мамиров. Жоба қуаттылығы 320 млн теңгеге жуықтайды. Құрылыс-монтаждау жұмысы мен құрал-жабдықтары кіреді. Жоба толықтай іске қосылса онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қуаттылығы жылына 2000 тонна ет дайындайтын цехтың ішкі құрылысында қасапхана, мал сою, тез мұздату бөлмесі мен етті сараптау және карантинге арналған қора да бар.
– Бұл жобаны қолға алуға бірнеше жыл уақыт кетті. Зерделеніп, сараптап, бастаманы қолға алдық. Өйткені, Сыр өңіріндегі төрт түліктің көп бөлігі біздің ауданда. Өзге аймақтарға да экспортты көбірек жасаймыз, сондықтан осындай жобаға тоқталдық. Негізгі келісім-шарт Түркия еліндегі «Barakat Group logistic teknoloji sanayi ticaret limited sirketi» компаниясымен жасалды. 1000 тонна ет өнімдерін өткізуді көздеп отырмыз, – деді мекеме басшылығы.
Жалпы Жаңақорғанда мал бордақылау кәсібі жақсы жолға қойылған. Әсіресе, жылқы мен қойдың саудасы қызып тұр. Жылқы малын өзге өңірлердің шаруалары бүтіндей немесе бөлшектеп алып кетсе, қойдың саудасы тек тасымал екен. Яғни, арнайы өңірдегі шаруалар уақ малдың басын санап, тірідей пұлдайды. Жыл сайын уақ малды Меркі ауданына және Шымкент қаласына өткізетін шаруалар ол жақта мал сою бекетін, өздері ретке келтіріп, өнімді Түркия мен Біріккен Араб Әмірлігіне, Дубайға жөнелтетінін растайды. Шет мемлекеттерде қойдың келісі біздікінен қымбат. Тек жүнін не істейтіні беймәлім, біздің елде жүн өңдеу, одан дайын өнім шығару қолға алынса шикізаттың бізде мол қоры бар екен.
Айта кететіні, алдағы уақытта ғимарат жанынан 500 бас ұстауға арналған мал бордақылау алаңын салу жсопарлануда екен. Жоба құны – 150 млн теңгені құрайды.
Сыр өңірінің бүгінгі даму қарқыны – еліміздің өңірлік экономикалық саясатындағы оң өз­ге­рістердің көрінісі. Инвестиция тарту, шетел­дік технологияларды енгізу, өңдеу өнеркәсібін дамыту мен тұрғын үй құрылысы секілді кешен­ді шаралар аймақтың әлеуметтік-экономика­лық жаңғыруын қамтамасыз етуде. Бұл тек бастамасы. Алдағы жылдары іске асатын жобалар Сыр аймағын Қазақстанның индустриалды белдеулерінің біріне айналдыруы әбден мүмкін. Әсіресе, аграрлы саланың серпіні қатты, бүгінгі цех осының айғағы. Ал, туған жерге инвестиция құйып, ауыл еңбегінің көркін қыздырып, үлкен шаруада жүрген төл перзенттері қашанда үлгі тұтарлық. Ауылдан шыққан әрбір тұлға осындай бастамаларды биіктетіп, жобаларды жүзеге асырып жатса әрине ел экономикасы өркендей түсер еді.

Әли ТЕМІРБЕК
27 мамыр 2025 ж. 75 0