Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 054

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІ ДАЙЫНДЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІ ДАЙЫНДЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

Санаулы күннен соң оқу жылы аяқталады. Үш ай каникулды асыға күтіп жүрген оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері мемлекеттік қолдауға ие. Осы ретте Құттықожа елдімекеніндегі балалар тынығу лагерьлерінің тыныс-тіршілігін, бүлдіршіндерді қабылдауға дайындық барысын білу үшін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов бастаған мобильді топ мүшелері: фракция жетекшісі Лаура Бибасарова және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдарбек Турабай мониторинг жұмысын жүргізді.

«Тау самалы» лагерінің басшысы Бағлан Момынханов жазғы тынығу лагерінің біраз кемшіліктерімен жұмыс істеп, балалалардың жазғы демалысы жақсы өтуі үшін барын салғанын жеткізді. Атап айтқанда тазалық жұмыстары мен төсек орындарының жаңартылғаны анықталды. Асханасы да талапқа сай жабдықталып, ойын алаңқайлары да жаңартылған.

Түрлі қызықтар орын алатын бұл орында әр паток сайын 80 балаға тынығуға мүмкіндіктер қарастырылған. Аудандық партия филиалының төрағасы Арман Мажитов жазғы тынығу лагеріне Жан - жақтан сан түрлі балалар келетін болғандықтан әр баланың қауіпсізігі маңызды екенін естен шығармау керектігін атап өтті.
24 мамыр 2025 ж. 206 0