» » "Кедергісіз келешек" жобасы аясында нысандарды зерделеу жүргізілді

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында нысандарды зерделеу жүргізілді



«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы А.Мажитов пен Партиялық бақылау комиссиясының мобильді топ мүшелері «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жүргізудің негізгі мақсаты мекемелердің ғимараттарына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлы кіріп-шығуына жағдай жасалғанын бақылау.
Мониторинг барысында Жаңақорған кентінде орналасқан бірқатар мекеме ғимараттарына (Қазынашылық басқармасы, «Қамқоршы» несиелік серіктестігі, Архив, Ішкі істер бөлімі, Редакция «Жаңақорған тынысы», Кинатеатр Ордакент) мүгедектерге арналған пандус, ескерту бағдарлары, қоңырау және бағыттық сары жолақтар бойынша қаралып, бақылау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, нысандарға талапқа сәйкес ескертпелер мен ұсыныстар айтылып, аталған жұмыстары алдағы уақытта да партияның бақылауында болатындығы жеткізілді.
29 наурыз 2024 ж. 110 0