№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жас сарбаздардың жеңісі

Жас сарбаздардың жеңісі


Қызылорда облысының қоғамдық даму, білім басқармалары және Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесе ұйымдастыруымен «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі мәреге жетті. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің оқу-жаттығу базасында өткен оқушылар арасындағы спорттық бәсекеде жаңақорғандық жастар жеңіс тұғырынан көрінді.


Сыр аймағынан ұйымдастырылған шараға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы командаларынан 120 жас сарбаздан құралған 8 команда өзара бақ сынады. Айта кету керек, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан 8 кезеңнен тұратын облыстық кезеңінде ең жоғары нәтиже көрсеткен жас сарбаздар ағымдағы жылдың маусым айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатын болады.
Облыстық сайыста командалар дәстүрлі «Айбын жұлдызы», Пневматикалық винтовкамен жатып нысана ату, АК-74 оқу қаруын жартылай бөлшектеу мен жинақтау, кермеде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, әскерилендірілген эстафета, әскерилендірілген кросс, арқан тарту кезеңдері бойынша өзара мықтыны анықтады.
Сайыстың қорытындысымен Жаңақорған ауданы құрама командасы жалпы командалық есепте жүлделі ІІІ-орын иеленіп, жақсы нәтижемен түйіндеді. Сайыс кезеңдері бойынша үздік нәтиже көрсеткен жас сарбаздарымыз марапатқа ие болды.
Облыстық кезеңге қатысқан Жаңақорған құрама командасы сапында Әуелхан Исахан (№53 мектеп), Манап Рахман (№160 мектеп), Жақсылық Нұрахметұлы (№162 мектеп), Асқарбай Бегайдар (№167 мектеп) және Ернұр Бауыржанұлы (№180 мектеп) өнер көрсетті. Сондай-ақ команда мшелігінде №192 мектептен Мағжан Тайлан, Құнанбай Таңатбекұлы, Аида Бағдатқызы мен Рамазан Абдурахманов (№213 мектеп), Рамина Үсенбек (№221 мектеп), Шарапат Мамрайым (№256 мектеп), Әсем Аманбай (№286 мектеп), Мәнсүр Тавбасар (№289 мектеп), Еркеайым Бектұр (№293 мектеп) және Абдулмұхаммед Берден (А.Абдуллаев атындағы мектеп) бар. Д.Увашев, Т.Искендиров, А. Мадалиев, Т.Іскендіров, А.Мырзахметов, А.Егембердиев, Е.Бекаев, Е.Асқаров, Ш.Үсенов, Б.Жандарбек, У.Есдаулетов, Б.Нұрмышов және Н.Үсен сынды жетекшілері бар.
Жыл сайын үздік үштіктен түспейтін біздің жас сарбазшылар келесі жылы бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге тырысады.

Арман ЕГЕМБЕРДИЕВ,
бірлестік жетекшісі

22 мамыр 2025 ж. 133 0