№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Облыстан олжалы оралдық

Облыстан олжалы оралдық

Қызылорда облысының қоғамдық даму, білім басқармасы және қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен «АЙБЫН-2024» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңі өтті. Қызылорда қаласы №278 ІТ мектеп лицей базасында өткен сайысқа жаңақорғандық жастар да қатысып, олжалы оралды.Жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданы және Қызылорда қаласынан 120 жас сарбаздан құралған 8 команда өзара бақ сынады. Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов сөз алып, сайысқа қатысушы жас сарбаздарға шынайы лебізін білдірді. Бұл іріктеудің чемпиондары республикалық жиында Сыр елінің намысын қорғайтыны мәлім болды. Яғни жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан 8 кезеңнен тұратын облыстық кезеңінде ең жоғары нәтиже көрсеткен жас сарбаздар ағымдағы жылдың маусым айында Қызылорда облысының намысын қорғап Алматы қаласында өтетін Х Халықаралық «АЙБЫН-2024» әскери-патриоттық жастар жиына қатысатын болады. Сондықтан әр команда барын салды.
Сондай-ақ, жиынның салтанатты ашылу рәсімінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті тәрбие, идеологиялық және кадрлар жұмысы бойынша бөлімінің басшысы, подполковник Нұрбек Абдиракинов, ҚР Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Міңділда Ршауов барлық қатысушыларға ыстық ықыласын білдіріп, ақ батасын берді.
Облыстық сайыс АК-74 оқу қаруын жартылай бөлшектеу, пневматикалық винтовкамен жатып ату, әскерилендірілген эстафета, кермеде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, 3000 метрге жүгіру, арқан тарту кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
Сайыстың қорытындысында жалпы командалық есепте Жаңақорған ауданының құрама командасы жүлделі 2-орынды иеленді. Жекелей кезеңдері бойынша үздік нәтиже көрсеткен жас сарбаздар марапатқа ие болды. Облыстық кезеңге қатысқан аудан командасының құрамында: Нұрсезім Сарсенбай (№86 мектеп, жетекшісі Ақжан Шайдаров), Әли Алтайұлы (№161 мектеп, жетекшісі Сержан Есенқұлов), Жақсылық Нұрахметұлы (№162 мектеп, жетекшісі Тоқтар Искендиров), Үсен Айбынбек (№164 мектеп, жетекшісі Ғалымжан Қошқаров), Нысанбай Ерұлан, Зейілбек Ақбота (№167 мектеп, жетекшісі Ағайдар Мадалиев), Берден Абдулмұхаммед (№168 мектеп, жетекшісі Нұрлан Башаров), Әсет Ердаулет, Айтжан Нұрасыл, Шәді Сәкен (№184 мектеп, жетекшісі Сүннет Абдрашитов), Өтеп Бибарыс, Бегман Зейнеп (№192 мектеп, жетекшісі Арман Егембердиев), Нұрмахан Ақтөре (№213 мектеп, жетекшісі Ербол Бекаев және Аятбек Қарақат, Бейбітшілік Дильназ (№221 мектеп, жетекшісі Бақытжан Нұрмышов) өнер көрсетті.

Арман ЕГЕМБЕРДИЕВ
бірлестік жетекшісі,
№192 орта мектеп

14 мамыр 2024 ж. 206 0