№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жаңа тәсілдер жиынтығы

Жаңа тәсілдер жиынтығы


Қазіргі заманғы педагогикалық саладағы жаңалықтың бірі – оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда.


Қазіргі заманның даму қарқыны мұға­лімдерден шығармашылығын жаңаша, ғы­лыми-зерттеу бағытында құруды талап ете­ді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан- жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Компьютер және ақпараттық техноло­гиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабі­летін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға ұмтылдырып, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңда ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Осы заманғы экономикалық өсімнің бас­ты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және комму­ника­ция т.б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі. Мұғалім – қоғам айнасы. Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, тнтернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Біздің ел де ғылыми-техника­лық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, ал оның міндеті – оқу-тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу – тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса білім беру саласында информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалануға, әлемдегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Сұлтанай РАҚЫШОВА,
№163 орта мектеп

13 мамыр 2025 ж. 124 0