№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ САЛТАНАТЫ ӨТТІ


Аудандық М. Көкенов атындағы мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шара өткізілді.
Алдымен шараға келген қонақтарға мәдениет үйінің кіре-беріс фойесіндегі тақырыптық көрме таныстырылды.
Әрі қарай шара барысында сөз алған аудан әкімі Мажит Самитов аудан жұртшылығын мерекелермен құттықтап, тылда еселі еңбек еткен бірқатар ардагерлерді «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен наградтады. Сонымен бірге, жаңақорғандықтардың өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосып келе жатқандығына тоқталып, осы бағытта үздік қызметімен елге танылып жүрген бірқатар азаматтарға облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Одан әрі салтанатты жиын аудан өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласып, шараға келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
07 мамыр 2025 ж. 240 0