Соңғы жаңалықтар

Берекені ұрлаған несие

12 тамыз 2025 ж. 1 146

№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЭТНО QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ

ЭТНО QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ

Жаңақорған Ауданы Әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Этно Quiz» интеллектуалды сайысы өтті.
Сайысқа «Таланттар», «Томирис», «Алаш», «Жалын», «Ару қыз» командалары қатысты. Іс-шараны облыстық тілдерді оқыту орталығының Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы Тулепбергенова Айгүл Әділханқызы жүргізді.
Ұлттық құндылықты, мәдениет пен өркениетті, руханият пен ділді насихаттай отырып, патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында өткен сайысқа М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Мұсахметова Құралай Шазатқызы, Жаңақорған ауданының халықтар Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дәрмен Құралай Мақұлбекқызы, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Патенова Мақпал Марқабайқызы қазылық жасады.
Қатысушылар бекітілген Ережеге сәйкес «Той бастар» (Quiz time ), «Беташар» (Суреттер сөйлейді. Жұмбақ әуен), «Той тарқар» (Тұлғаны таны. Кино time) деп аталатын 3 кезең бойынша тапсырмалар орындады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша ІІІ орын «Томирис» командасына табысталды. Сайыстың ІІ орнына «Алаш» командасы лайық деп танылса, І орын «Таланттар» командасына бұйырды. Жеңімпаз командаларға арнайы Диплом мен Кубок берілді. Ал «Ару қыз», «Жалын» командалары Алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушы командаға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Айгүл ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА
02 мамыр 2025 ж. 152 0