Соңғы жаңалықтар

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Көптілді жастардың бәсекесі

Көптілді жастардың бәсекесі


Өткен аптаның соңында орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметкерлер арасында «Полиглот» интеллектуалды сайысы өтті. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» және Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шара тіл білімінің маңызын арттырып, жастардың зияткерлік қабілеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.


Білім додасына аудандағы жас мемлекеттік қызметкерлер бақ сынап, олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтарға жауап беріп, өздерінің кең ауқымды білімдері мен интеллектуалды ой-өрістерін көрсетті. Сайыс барысында қатысушылар әртүрлі категориялар бойынша сынға түсті. Олардың арасында логика, тіл білімінің негіздері, мәдениет, тарих және жалпы білім салаларындағы сұрақтар болды.
–Жас полиглоттар үшін бұл шара тілдерді меңгерудің ғана емес, түрлі мәдениеттер мен ұлттар арасындағы байланыстарды нығайтуға да үлкен мүмкіндік болды. Қатысушылар үш тілде де өз ойларын жеткізу арқылы өздерінің көптілділікке деген қызығушылықтарын көрсетті. Сонымен қатар, бұл сайыс жастардың санасында тілдер мен мәдениеттің алатын орнын тағы да бір мәрте атап өтуге мүмкіндік берді, – дейді сайысқа қатысушы, «Қоғамдық келісім» Жаңақорған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Асхат Серікұлы.
Қызықты сұрақтар мен тілдерді меңгеруге деген ынтаны оятатын сайыста қатысушылар бар білімін ортаға салып, біліктілігін көрсетті. Нәтижесінде Бауыржан Әбдуәлі, Заманбек Қасымбеков, Замира Садықова, Бекзат Өмірзақовтар үздік көрсеткіш көрсетіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Ал, Асхат Илиясов 3-орынды місе тұтса, Күнімай Жұмашбек 2-орын алды. Жүлделі 1-орынды Мұхтар Кеңес қанжығасына байласа, облыстық сайысқа жолдама алды.
–Осындай шаралар жастардың әлемдік аренада өз орнын табуына, көптілді қоғамда өмір сүру дағдыларын меңгеруіне мүмкіндік береді деп ойлаймын. Осы бағыттағы интеллектуалды сайыстардың жастар арасында тілдерді меңгеруге деген қызығушылықты арттыруға әсер ететіні анық. Қазіргі таңда көптілділік – заман талабына сай маңызды дағды, ал бұл сайыс сол дағдыны дамытуға апаратын бастама. Өйткені, көптілділік бүгінгі күні тек тілдерді меңгеруден әлдеқайда маңыздырақ ұғымға айналып отыр. Адам әр елдің тілін меңгеру арқылы жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттырып, халықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жол ашады. «Полиглот» сайысы сияқты шаралар жастардың көптілділікке деген қызығушылығын ояту үшін таптырмас мүмкіндік, – дейді сайыс жеңімпазы Мұхтар Әбдімәуленұлы.
Иә, бүгінде әлемдік өзгерістер мен жаһандану үрдісі ел жастарына жаңа мүмкіндіктер мен міндеттер жүктеуде. Осыған орай, көптілділік – жастардың тұлғалық және кәсіби дамуы үшін маңызды аспектілердің бірі болып отыр. Әсіресе, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген жастар арасында өткізілетін «Полиглот» интеллектуалды сайыстарының маңызы ерекше. Мұндай сайыстардың басты мақсаты – жастарды көптілді болуға ынталандырып, олардың интеллектуалды қабілеттерін арттырып, түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті мен тілдеріне деген құрметті қалыптастыру.

Айсұлу Алданазар
04 наурыз 2025 ж. 129 0