№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » «Полиглот» сайысы өтті

«Полиглот» сайысы өтті


«Руханият» орталығында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының қолдауымен «Полиглот» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 18-35 жас аралығындағы мекеме қызметкерлері арасында интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайысқа қатысқан мекеме қызметкерлері бақтарын сынап, бекітілген Ережеге сәйкес берілген 4 кезең бойынша тапсырмалар орындады.
Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен І-орынды Жаманбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Кеңес Мұхтар, ІІ-орынды аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы Жұмашбек Күнімай, ІІІ-орынды «Коғамдық келісім» Жаңақорған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Ильясов Асхат иеленді. Өзге де қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
28 ақпан 2025 ж. 774 0