Соңғы жаңалықтар

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН


«Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының қанатты сөзі бүгінгі қоғамның қағидасына айналды. Шынында тәртіп бар жерде тірлік те тындырымды екені даусыз. Сондықтан да елімізде тәртіптік шараларды күшейту, жемқорлық сынды кері факторлардан арылу бағытында аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ. Аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болдырмау, оның салдарын жоюға арналған кеңейтілген жиында қоғам тыныштығы мен ынтымағы ауқымды тақырыпқа айналды.


Жиынға аудан прокуроры, мәслихат төрағасы, кент, ауылдық округ әкім­дері, мектеп директорлары, учаскелік инспекторлар, аудан ардагерлері, ақса­қалдар, әкелер, әйелдер, дін саласы мен қоғамдық ұйым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде негізгі төрт мәселе қаралды. Бірінші мәселе, «Заң мен тәртіп» қағидасының іске асырылу бары­сы туралы» аудандық прокуратура­ның аға прокуроры Берік Байсбаев, «2024 жылғы тұрмыстық зорлық-зомбылық заңбұзушылықтарының алдын алу ту­ралы» аудандық полиция бөлімі басты­ғының міндетін атқарушы Мұрат Жақ­сыбаев, «Педагогтардің этикалық қа­ғи­даларының сақталуы туралы» ау­дан­дық білім бөлімі басшысының міндетін атқа­рушы Нариман Жакудаев баяндама жасаса, «Отбасы құндылықтары туралы» тақырыбында ауданның құрметті азама­ты Молдахмет Ибрагимов, «Құрмет» орденінің иегері Әзия Қыстаубаева пікір-ұсыныстарын ортаға салды.
Аталған мәселелер төңірегінде аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек өз сауалдарын қойып, білім саласындағы өзекті мәселелер талқыға салынды.
Аудан әкімі отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы қазіргі уақытта қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
– Өкінішке қарай, соңғы жылдары тіркелген статистикалық деректер тұр­мыстық жанжалдардың кейбір жағ­дайларда ауыр қылмыстық әрекет­тер­ге ұласатынын көрсетіп отыр. Бұл – тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне төнетін қатер. Жуырда Шиелі ауданында отбасы ішіндегі жанжал салдарынан қоғамда үлкен резонанс тудырған қайғылы жағдай орын алды. Бұл оқиғаның ең өкінішті тұсы – аталмыш әрекетке барған азаматтың білім саласының қызметкері екендігі. Бұл – бүкіл қоғам үшін үлкен ескерту, алаңдаушылық туғызатын жайт. Себебі, білім саласы – жас ұрпаққа тәрбие мен білім беретін, адамгершілік пен ізгілікті дарытатын аса жауапты әрі абыройлы сала. Бүгінгі маңызды жиынымыздың Руханият орталығында өтуі кездейсоқ емес. Өйткені, бұл – тек мәдени іс-шаралар ғана өтетін орын емес, сонымен бірге – жастар мен жас отбасыларға бағыт-бағдар беретін ру­хани тәрбие ордасы. Ардагерлер, ақса­қалдар, әкелер, әйелдер, қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен мүшелері болып бұл мәселеге бейжай қарамай, ел ішіндегі тәрбиелік мәні жоғары үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын күшейту­ге атсалысуларыңыз қажет, – деді аудан әкімі.
Жиын қорытындысымен жауапты ме­кеме басшыларына аталған мәселе­лер­ді қатаң бақылауға алып, жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
– Бұл бағытта барлығымыз бірігіп, жүйелі, нақты жұмыс жүргізуіміз қажет. Себебі бұл тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың борышы. Осы орайда барлық мүдделі тараптар­дың бірлескен, үйлесімді жұмысын күте­мін. Алдағы уақытта осындай кездесу­лер жалғасатын болады, – деді аудан басшысы.

ТҮЙІН. «Тәрбие – тал бесіктен» деген тәмсіл бар. Отбасылық жан-жалды дер кезінде басып, ортақ мәмілеге келіп, өскелең ұрақтың қамын күйттейтін ерлі-зайыптылардың азайып бара жатқаны жүрегімізді сыздатады. Өсіріп отырған ұрпағын жамандықтан тыйып, жақсылыққа жол бастай алатын қариялардың да қатары сиреді. Әулеттің абыройын арда тұтып, дана-абыздарымыздың насихатын тыңдар есті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Әрбір азамат өзінің қарашаңырағының отын өшірмей, жылы отауын суытпай, отбасылық сыйластықты берік ұстау – бабалардың аманаты деп ұққанымыз жөн-ақ.

Мақпал ПАТЕНОВА
29 сәуір 2025 ж. 664 0