Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Кенші еңбегі насихатталды

Кенші еңбегі насихатталды


Биылғы жылдың «Жұмысшылар жылы» деп белгіленуі білім ошақтарындағы тәрбие жұмысына да тың серпін беріп отыр. Таяуда оқушыларымыз «Шалқия-Цинк» өндіріс орнында болып кеншілердің жұмысы­мен танысты.

№164 орта мектептің бейінді оқыту жөніндегі орынбасары А.Біжікеевтің және мектеп педагог психоло­гі Ж.Қаппарованың ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары кеніште еңбек етіп жатқан озат еңбек өкілдерімен кездесті. Кездесуде мектебімізді әр жылда­ры бітірген түлектер – кеніш инженері Ж.Қалилаев, кеніштің геологиялық тау-кен жұмысшысы Б.Оразбек, НR қызметінің менеджері Р.Шакетова, НR қызметінің менеджері Г.Садықбек сөз алып, өндіріс орнының тыныс-тіршілігі туралы ақпараттар берді. Білімгерлер бейнеролик арқылы түсті металға бай өңіріміздегі табиғи байлықты игеру технологиясымен танысты.
Қазірде жұмысшы мамандықтарды игеру жаңа технологияға негізделіп отыр. Бірінші кезекте ком­пьютерлік технологияларды меңгеру, шет тілін білу мәселелері өзекті. Ол үшін мектеп қабырғасында жүргенде осы пәндерді жан-жақты меңгерудің маңызы үлкен. Сергіту сәтінде педагог-психолог Ж.Қаппарова «Кім жылдам?» сайысы ұйымдастырды. «Сандар сөйлейді» деректемелер базасы еліміз бойынша білімгерлердің түрлі маамндықтарға бейімділігі туралы қызықты ақпараттарға қанықтырды. Келесі кезек «Сұрақ-жауап» айдарына ұласты. Кездесуге келген мамандар мамандығының қыр-сырымен бөлісті. «Мықты маман бейнесі» жаттығуы барысында мамандардың қызықты өмір оқиғаларынан әрбір кәсіптің құпиясына терең бойлаған өрендер үлкен әсерге бөленді.
Ауыл мектебіне есімі берілген жерлесіміз Ахмет Әділовтың мамандығы тау-кен инженері болған. Мұның өзі жастарға үлкен мотивация. Мектеп басшылығы жас өрендермен тәлімін бөліскен еңбек адамдарына ризашылықтарын білдірді.

А.Әшімова
13 қазан 2025 ж. 784 0