Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ



ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеумен қатар қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Осы мақсатта Жаңақорған ауданының мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек бастаған аудандық мәслихат депутаттары Жаңақорған ауданындағы жұмысшы мамандықтарды даярлайтын Аграрлы-техникалық колледжінің жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда колледжде 19 мамандық бойынша 397 студент білім алады. Жаңа заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген колледжде студенттерге сапалы білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда 2023-2024 оқу жылына 109 бітіруші түлектің 75 жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ дәнекерлеуші мамандық тәмәмдаған студенттердің өз кәсіптерін ашуға зор мүмкіндіктері бар. Колледжді бітірген түлектер жұмысқа орналасу бойынша «Шалқия Цинк» АҚ-мен әлеуметтік серіктестігі арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы жасалған.
Депутаттар кездесуде білім алушы студенттерге мемлекеттің берген мүмкіндігін тиімді пайдаланып, нағыз маман иесі болу үшін жастарға үздіксіз білім алуды сондай-ақ қоғамда еңбек мамандарының мәртебесін көтеруіміз қажеттігін жеткізіп, білім алушы студенттерді аудандағы өндіріс мекемелерімен өндірістік практикамен ұштастыру арқылы сапалы оқу жүйесін дамыту қолға алу қажеттігі айтылды.
13 наурыз 2025 ж. 305 0