№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Теміржол саласының тарланы

Теміржол саласының тарланы


Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл туралы Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деп атап көрсетуі қарапайым кәсіп иелеріне құрметімізді одан әрі еселей түскендей.


Жаңақорған теміржол станциясында 30 жылдан бері жол жөндеуші болып еңбек ететін Шашубай Ертаевтың есімін ұжымындағылар айрықша атайды. Ол темір жол бойындағы ақауды дер кезінде анық­тап, жолаушылар мен жүк составтарының кідіріссіз қозғалысына елеулі үлес қосып келеді.
Кейіпкеріміздің теміржол саласында отыз жылдық тәжірибесі бар. Осынша уақытта саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, жауапкершілікті бірінші орынға қоя білгенін айтады өзі. Қарапайым жол қараушыдан жол бригадирлігіне тағайындалыпты.
– Арнайы ауысымдағы топ жетекшісі ретінде жұмыс санатын анықтаймын, одан әрі бір кісідей міндетімізді атқаруда менікі-сенікі деп қатып қалған қағида жоқ. Жұдырықтай жұмылып жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз, – дейді ол.
Негізінен, теміржолшылар шойынжолды жы­лы­на екі рет жаңалап тұруы тиіс. Бұл жолау­шылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңыз­ды рөл атқарғандықтан сала майтамандары осыған басымдық береді.
– Рельстерді көктемде және күзде ауыстырамыз. Қалған уақытта өзімізге белгіленіп берілген аумақ­та жолаушылардың қауіпсіздігіне қажет ереже­лерді қалт жібермеуге тырысамыз. Әріптестерімнің әрқайсысының өзіне артылған міндеті бар, барлығы да өз ісіне адал, ортақ міндетіне ұқыптылық­пен қарайтын азаматтар деп айта аламын, – дейді кейіпкеріміз.
Әне-міне дегенше зейнет жасына келіп, демалысқа шыққалы жатқан Шашубай Ертаев осы салада еткен еңбегі үшін басшылық тарапынан бірнеше рет марапаттарды иеленген.
Ел экономикасына теміржолшылар да қомақты үлесін қосып келеді. Жолаушылардың айшылық алыс жерлерге аман-есен жетуінде, жол азабын азайтуда, оған қоса, жүк тасымалының қарқынды дамуын­да темір­жолшылардың темірдей тәртібі менмұнда­лап тұр. Бұл жұмыстарда біздің кейіпкеріміздің қолтаңбасы ерек.

Әсел РЗАЕВА
28 сәуір 2025 ж. 140 2

Дастан от 26 сәуір 2025 11:26
ЕРТАЕВ ЕМЕС НЕГІЗІ САРТАЕВ ЕДІ ФАМИЛИЯСЫ

Дастан от 26 сәуір 2025 11:27
ЕРТАЕВ ЕМЕС САРТАЕВ ​ФАМИЛИЯСЫ​​​