Маман дайындау – маңызды міндет

- Бүгін мен APEC Training center орталығын таныстыратын боламын. Біздің орталық Атырау қаласында орналасқан. Негізгі қызметі - Қазақстанда мұнай-газ, тау-кен өндіру, құрылыс және басқа да салалардағы барлық деңгейдегі жоғары білікті қызметкерлерді даярлаумен айналысатын жетекші инновациялық оқу орталығы. Біздің оқу орталығы көптеген халықаралық аккредитацияларға ие, халықаралық оқу орталықтарымен серіктес, сонымен қатар «Алтын Алмас» компанияларының әкімшілік басқарушыларына арналған курстар бар. Олардың тізімі шектеусіз, бізде тапсырыс берушінің сұранысы бойынша қысқа мерзімде кез-келген курсты әзірлеуге және енгізуге дайын бағдарлама құрастырушылардың үлкен тобы бар. Жалпы оқу-білімге ынтасы бар жанға керекті көмек қарастырылған,-деді Виктория Георгиевна.
- Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді президент. Демек қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттыра түсетіні мәлім. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі трансформациялау критерияларының алғы шартының бірі Халықаралық салалық аккредиттеуден «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 2024 жылдың желтоқсан айында өтіп, 9 оқытушы, 11 білім алушымыз халықаралық сертификат иегерлері атанды,- деді Абайбек Талғатұлы.