Соңғы жаңалықтар

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бақша өнімдеріне басымдық берілсе

Бақша өнімдеріне басымдық берілсе


Жалпы елдің ішкі нарығындағы бақша өнімдерінің бағасын тұрақты етуде диқандардың мүмкіндігі өте мол. Өйткені оған біздің табиғат та, жердің шұрайлылығы да, тіпті аяқсу да жеткілікті. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің өңірді алып қарайық. Осыдан үш-төрт жыл бұрын базар төрінде аудан өнімдері сатылымға шықты. Әсіресе, картоптың саудасы қызды. Одан бөлек, асқабақ пен сәбіздің, қияр мен қызанақтың сұранысы өте жақсы болды. Сапасы да сын көтерді, тұтынушылар да тұрақты алды. Тек тонналап өнім алған шаруалар өнімін сақтайтын қойманың болмауына байланысты бағаны тұрақты ұстап тұруға қауқарсыз болды. Осындай олқылықтардың салдарынан картоптың құны шарықтап кетті. Дүкен сөрелерінде картоп бағасы 400 теңгеге жетіп тынды. Бұл жағдайды Үкімет экспорттың артуымен байланыстырды. Осыған байланысты әртараптандыруға барынша көңіл бөлуге тырысып бағуда.


2024 жылдың соңында бір ғана картоптың экспорты 600 мың тоннаға дейін өскен. Картоптың басым бөлігі көрші Өзбекстанға сатылады екен. Сол секілді бірер ай бұрын өзбек ағайындар сиыр еті бағасына да сәл өзгеріс енгізіп үлгерді. Экспорттайтын еттің бағасы көтеріліп еді, базардағы сатушылар да бағаның қымбаттатты. Олар екі себепті алға тартады: бірінші, жем-шөптің бағасының тұрақсыздығы, екінші, доллардың өсуі екен. Екеуі де қисынсыз жауап, өйткені, сатушылардың басым көбі алыпсатарлар. Ал, шөп те, жем де өзімізден, төрт түлік пен құс етінің бағасына доллардың мүлде қатысы жоқ.
Жауапты министрліктің мәлі­метінше, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 23,7 млн гектар жерге егу жоспарда бар, бұл былтырғы көрсеткіштен 413 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдары 115 мың гектарға қысқарып, 16,6 млн гектарды құрайды. Сол секілді майлы дақылдар 378 мың гектарға ұлғайып, 3,3 млн гектарды құрайды, оның ішінде күнбағыс 1,4 млн гектарға жеткізіледі. Тілге тиек еткен картоп 11,3 мың гектарға артып, 83,4 мың гектарды құрайды. Мұнан бөлек азықтық дақылдар алаңын 127 мың гектарға ұлғайту және оларды 3,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Жалпы дәнді, майлы, көкөніс, бақша дақылдары, картоп алқабының артуы ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Биыл Сыр елінде ауыл шаруашылығы дақылдары 190 мың гектарға егіледі деп күтіледі. Нақтырақ тоқталсақ, 97,3 мың гектар дәнді дақылдар, 3,8 мың гектар майлы дақылдар, 71,1 мың гектар жем-шөп дақылдары, 17,8 мың гектар картоп, көкөніс және бақша дақылдары егіледі. Бұдан басқа 21,3 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын, сондай-ақ 76,2 мың гектар шабындықты суару жоспарланған. Аймақ басшысы осы мақсатта әрбір ауданға қосымша жерлер дайындатып, жергілікті жұртқа егін егіп, жинап алуға жағдай жасауды тапсырған еді. Яғни облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда әр отбасы өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін шаруашылық құрылымдары қажетті жерді дайындап, әр отбасы керекті көлемде өнімдерінің дәнін тастап, соңынан жинап алды. Биыл да бұл үрдіс жалғасады.
– Ағымдағы жылы аудан бойынша 35 453 гектар­ға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 449 гектарға ұлғайды. Биыл күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 245 гектарға азайтылып, егістікті әртараптандыру бағытында суды аз тұтынатын малазықтық дақылдар, оның ішіндегі жоңышқа мен жүгері және бидай дақылдарын егуге басымдық берілуде. Мәселен, күздік бидай 3 050 гектарға, жаздық бидай 180 гектарға, мақсары 1 445 гектарға, жаңа жоңышқа 4 325, ескі жоңышқа 15 210 және сүрлемдік жүгері 27 гектар аумаққа егілуде. Тары – 192; дәндік жүгері – 1 030, күнбағыс – 19, картоп – 160, көкөнiс – 545 және бақша – 1 970 гектарға тасталуда. Бұйырса биыл да былтырғы межеден кем түспеуіміз керек. Ең бастысы, әртараптандыру бағытын жыл сайын ілгерілетіп, келешекте бақша өнімдерінің көлемін ұлғайтып, аудан нарығын қамтамасыз етуге жұмыс жасауымыз керек, – деді бас аграном Талғат Зейдалиев.
Бақша өнімдерінің ішінде картоппен көтерілген кент тұрғының бірі Олжас Айдарханұлы биыл да жақсы нәтиже көрсетуге ниетті. Былтыр еккен 5 гектар кароптың әр гектарының 280 центнерден өнім ала алды. Нәтижесінде облыс бойынша «Үздік картоп өсіруші» номинациясын жеңіп алды. Кәсіп иесі жеңілдетілген несие арқылы егіс көлемін ұлғайтып, қосымша мал шаруасына да дем беруге ниетті. Міне, бұл жас шаруаларға үлгі боларлықтай мысал.
Құлаққағыс болсын, қазір аграрлы салаға қолдау аз емес. Субсидиядан бастап, грант, жеңілдетілген несиеге дейін мүмкіндіктер қарастырылған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы «Кеңдала - 2» бағдарламасы аясында бізде 9 шаруашылық 190,5 млн теңге қаржы алса, 20 шаруашылықтан 421,8 млн теңгенің өтінімі мақұлданып, 3 шаруашылықтың 63,0 млн теңгені құрайтын өтінімдері қаралуда. Сонымен қатар «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы «Кең дала - 1» бағдарламасы бойынша барлығы 20 шаруа қожалығы 200,0 млн теңгеге өтінім берген. Бүгінгі таңда 4 шаруа қожалығы 88,0 млн теңгемен қаржыландырылды. Қалған шаруашылықтардың құжаттары қаралып, қосымша өтінімдер тапсырылуда екен.
Қысқаша айтқанда, әртараптандыру бағытын бір жүйеге келтіргенше бағдарламалар жалғаса береді, ішкі өнімді толықтай отандық брендпен қамтамасыз еткенге дейін қолдаулар жеткілікті болады. Сондықтан, шаруалар мүмкіндігінше бақша өнімдеріне бет бұрса игі...

Әлібек ТЕМІРБЕК
22 сәуір 2025 ж. 121 0