» » «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА НЫСАНДАРҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА НЫСАНДАРҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ


Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпеисұлы және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдарбек Тұрабай сонымен қатар құрылыс бөлімінің мамандары «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізді. Кедергісіз келешек" партиялық жобасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік деңгейіне мониторинг ұйымдастырылды.
Мұндағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сапасын арттыру және оларға қолайлы орта қалыптастыру. «Ерекше қажеттілігі бар жандардың кез келген жерге кедергісіз кіріп-шығуы – аса маңызды мәселе. Мониторинг жүргізген нысандардың басым бөлігі талапқа сай жабдықталған.
Сонымен қатар, нысандарға талапқа сәйкес ескертпелер мен ұсыныстар айтылып, аталған жұмыстары алдағы уақытта да партияның бақылауында болатындығы жеткізілді.
25 шілде 2025 ж. 877 0