Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Анасы адвокат болған соң қорықтым»: Әнші Say Mo актер «Шакентидан» көрген қорлығын ашып айта бастады

«Анасы адвокат болған соң қорықтым»: Әнші Say Mo актер «Шакентидан» көрген қорлығын ашып айта бастады

Фото: әлеуметтік желі
Say Mo лақап атымен танымал әнші Мөлдір Есембек бұрынғы жұбайы, актер Шакентиден зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді, деп жазады sadaq.kz.
Өзінің Instagram парақшасында ол: «Бұндай жағдайдың тағы да қайталануы – өкінішті жайт. Дегенмен, шын айту керек, оның мұндай әрекетке барғанына таңғалмаймын», – деп жазған.
Әншінің айтуынша, абьюзер адамдар эгоистік келетіндіктен, өз қателігін мойындауға бейім емес әрі әрекеттерін дұрыс санайды. Сол себепті олар өзгеруге тырыспайды. Себебі олар өзін мінсізбін деп есептейді.
«Роза ханым, шынымды айтсам, мүлде таңғалып отырған жоқпын. Ол жігіттен 5 жыл бұрын талай хоррор көріп едім. Әлі күнге дейін терапия алып жүрмін. Менде сол кезде қолымда дәлел болмағандықтан, осы тақырыпты ашық қозғауға қорыққан едім. Себебі оның анасы адвокат. Бір жағынан мені бәрі кінәлап, кейбір таныстарым одан бетер менен кері бұрылған», — делінген хатында.Ол Шакенти «Вавилон» тұрғын үй кешенінің алдында қол көтергені есінде екенін жазды. Бірақ Say Mo тұрғын үйдің видеосын ала алмаған көрінеді.
«Сол түні әрі қарай не болғанын айтып бастасам, ұзақ және қорқынышқа толы әңгіме. Айтайын дегенім, қыздардың көбі «ол маған бұлай жасамайды», «мен оны өзгертемін» деп ойлайды. Бірақ көріп отырғанымыз осы…», – деді Say Mo.
06 сәуір 2025 ж. 676 0