№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Индираның кір сабыны

Индираның кір сабыны


Қыраш ауылы – еңбекқор жандардың мекені. Осы ауылда қарапайым кәсіпті бизнеске айналдырып отырған Индира есімді апамыз бар. Ол – табиғи кір сабын өндіруді қолға алып, ағайынға, алыс-жақындағы сапалы өнім ұсынып отырған іскер жан. Бұған дейін ауданымызда кір сабын шығаратын екі кішігірім өндіріс орны болса, Индира Тілеуханқызының берекелі бизнесі бұл кәсіптің көкжиегін кеңейтіп тұр. Яғни нарықтағы бәсеке арта бастады.


Берекелі кәсіптің біссімілләсі үй жағдайында сабын қайнатудан бастау алды. Оны қолданған жұрттың оң пікірін естіген Индира осы істі кеңейтуді ойлайды. Мемлекеттік қолдау тетіктерін зерттеп, өз қаржысына қажетті құрал-жабдықтарын алады. Алғашында аз көлемде өндірілген сабын сұранысқа ие болып, ауыл тұрғындары өзіміздің өнімнің тұрақты тұтынушысына айналады.
Сабын – жай ғана тұрмыстық зат емес. Ол экологиялық таза өнім. Құрамында химиялық қоспалар жоқ, тек табиғи майлар мен өсімдік сығындылары пайдаланылады. Күніне 200-ге жуық сабын өндіретін шағын цехта әзірге екі маман жұмыс жасайды. Өнім аудан орталығындағы сауда орындарына жөнелтіледі екен. Әрине аудан нарығын өзіміздің өніммен толық қамтамасыз ету қиын. Өйткені, сұраныс жоғары, әрі, дүкендер мен сауда үйлерінің саны да жетерлік. Дегенмен өзіміздің өнімге сұраныс болуы көңіл қуантады. «Жобамның құны 6 млн теңгені құрады, әзірге ауыл тұрғындары мен кенттегі дүкендерге жөнелтудеміз. Егер сұраныс көбейсе, қосымша қаржы көздерін қарастырып, кәсібімізді кеңейтуге ниеттіміз» дейді Индира ханым.
Бір данасын 170 теңгеге бағалап отырған «Қадіржан» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі кір сабын бизнесі жайында былай дейді: «Күндіз – мұғалім болсам, кешке кір сабын қайнатамын. Ауылдағы ағайыннан тоңмай, іш май, қалдық майларын жинап, сексеуіл күлін кәдеге жаратып келемін. Бір қайнатпадан 300 сабын шығады. Енді осы сабынды қаптап, заманға сай еткім келеді» деді ол.
Мемлекет мүмкіндігін тиімді пайдалана алған кәсіп иесі осы ісін ілгерілету үшін тағы да бағдарламаларға қатысып көруге ниетті.Айта кететіні, аудандағы өндіріс орындарының басшылары арнайы аудан әкімімен меморондумға отырған еді, сол кезде жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға уәде етті. Бұл кір сабынға да оң әсерін тигізері сөзсіз.
Бүгінде көпшілік импорттық тауарларды алуға әуес. Алайда, отандық өнімнің сапасы олардан кем емес. Кәсіпкер келіншектің сабындары – соның айқын дәлелі. Өзімізде жасалған өнімге қолдау көрсетсек, ауыл кәсіпкерлерінің әлеуеті артып, ел экономикасына да үлес қосарымыз анық. Иә, бұл өндірістің арта түсуі біріншіден, баға тұрақтайды, екіншіден, сапа реттеледі. Ең бастысы, өзіміздің өнімдеріміз экспортқа шығып, бренд қалыптасады. Индира Сұлтанбековаға сәттілік тілейміз..!

Жәмила ЕРМАХАН

05 сәуір 2025 ж. 155 0